О внесении изменения в решение акима Кызылжарского сельского округа от 22 октября 2009 года № 02 «О присвоении наименований улицам в селе Жана-Турмыс»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Кызылжарского сельского округа от 22 октября 2009 года № 02 «О присвоении наименований улицам в селе Жана-Турмыс»
- Атауы (қаз.)
- Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 02 «Жаңатұрмыс ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 01
- Қабылданған күні
- 27.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2017 112016_181700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BFJ05925
- ЭКБ идентификаторы
- 112016
- Редакция идентификаторы
- 112016_181700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:37
0 Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 02 «Жаңатұрмыс ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Қызылжар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылжар ауылдық округі әкімінің «Жаңатұрмыс ауылының көшелеріне атаулар беру туралы» 2009 жылғы 22 қазандағы № 02 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 қарашада «Маяк» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2009 жылдың 15 шілдедегі Жаңатұрмыс ауыл тұрғындары жиынның № 9 хаттамасын ескере отырып, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Г. Карасаева
27.03.2017 ж.
Астрахан ауданының «Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Кулаков
27.03.2017 ж.
Астрахан ауданының «Экономика
және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Шонабаева
27.03.2017 ж.