Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района от 22 июня 2009 года № 14-5 «О ставках на земельный налог»

Өзге акт · № 35-5 · қабылданған 09.07.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2009-no-14-5-ekb-92546/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района от 22 июня 2009 года № 14-5 «О ставках на земельный налог» Күшін жойған Өзге акт ·№ 35-5 ·09.07.2015
12.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района от 22 июня 2009 года № 14-5 «О ставках на земельный налог»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 35-5 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Аккайынского района от 22 июня 2009 года № 14-5 «О ставках на земельный налог»
Атауы (қаз.)
«Жер салығының ставкалары туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35-5
Қабылданған күні
09.07.2015
Көрсетілген редакция
12.04.2018 92546_316983.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SB003344
ЭКБ идентификаторы
92546
Редакция идентификаторы
92546_316983
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:11

0 «Жер салығының ставкалары туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы Заңының 1 бабы 3 тармағы 107) тармақшасына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1.«Жер салығының ставкалары туралы» Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы № 14-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 16 шілдеде № 13-2-103 тіркелген, 2009 жылғы 30 шілдеде «Аққайың» газетінде, 2009 жылғы 30 шілдеде «Колос» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілдегі тақырыптың мәтіні өзгермейді:
«Жер салығының мөлшерлемелері туралы»;
шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының жер заңына сәйкес қолданылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қолданылмайтын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.».

2 2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, көрсетілген шешімнің 1 тармағының екінші бөлімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
қаржы Министрлігінің мемлекеттік
кірістер комитеті Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің
Аққайың ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
____________ А. Дүйсембин
2015 жылғы 9 шілде

Қолданыстағы