Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара"

Қаулы · № 346 · қабылданған 11.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2009-no-1647/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара" Күшін жойған Қаулы ·№ 346 ·11.04.2014
16.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара"

Күшін жойған Қаулы ·№ 346 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2009 года № 1647 "Об утверждении Правил по определению страны происхождения товара, составлению и выдаче акта экспертизы о происхождении товара и оформлению, удостоверению и выдаче сертификата о происхождении товара"
Атауы (қаз.)
"Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346
Қабылданған күні
11.04.2014
Көрсетілген редакция
16.07.2014 AI78761_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000346
ЭКБ идентификаторы
78761
Редакция идентификаторы
AI78761_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:06

0

"Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде:
3-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тауардағы жергілікті қамту үлесі - пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;»;
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«сериялы өндіріс тауары - шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері:
1) осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшем;
2) осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау;
3) тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі «франко-зауыт» бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 30 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.»;
37-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Ереженің 36-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес келмеген жағдайда, осы Ереженің 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері қолданылады.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін айқындау ерекшеліктері осы Ереженің 12-тармағының талаптары ескеріліп көзделеді.
Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлардың жергілікті қамту үлесі жүз пайызды құрайды. Осы тауардан бөлінбейтін буып-түюдің жергілікті қамту үлесін есептеу жүргізілмейді.»;
44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өндіріс орналасқан жерге барып, тауарды сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы-кәсіпорын);»;
45-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар өндіруге негіз болған нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қоса берілетін технологиялық құжаттама, тауар өндірілетін технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрауыштардың құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);»;
45-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
47-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі.
Тауардың сериялы өндірісін үш жылдан астам жүргізіп жатқан кәсіпорындар үшін және осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тауарды өндіру технологиясының, шикізатты (материалдарды) жеткізуші елдің, сондай-ақ кейінгі үш жылда шикізат пен құрауыштар құнының өзгермегенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынған кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының үш жылдық көлемі көрсетіледі.
Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел, сондай-ақ шикізат пен құрауыштардың құны өзгерген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы жаңа сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатында Өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы хабарлайды.»;
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59. «СТ-КZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің мерзіміне байланысты берілген күнінен бастап он екі немесе отыз алты айды құрайды.»;
60-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) 5-баған - «Қызметтік белгілер үшін». Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері, сондай-ақ мынадай жазулар енгізіледі: «Телнұсқа», «Сертификат орнына берілді», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап отыз үш айды құрайды». Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда, оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі.»;
60-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Д - түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы жергілікті қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі жергілікті қамтудың үлесін есептеу осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес формула бойынша жүргізіледі.»;
көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:
мына:
«
1602
Ет­тен, қо­сым­ша ет өнім­де­рі­нен жа­сал­ған дай­ын неме­се кон­сер­ві­лен­ген өнім­дер неме­се бас­қа да қан­дар
Мү­ше­леу, бұ­зу, бөл­шек­теу, ке­су, ара­ла­сты­ру, оның ішін­де үй құ­сы­ның етін ме­ха­ни­ка­лық бұ­зу, ет­ті хош иісті ащы дәм­дер­мен (дәм­де­уіш­тер) және/неме­се өсім­дік ақуы­зда­ры­мен және/неме­се тұз­бен, тұз­дық­пен піс­пек­теу әді­сі бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар­ды сүй­е­гі­нен ажы­ра­тыл­ма­ған ет­ті бөл­шек­теп мү­ше­леу опе­ра­ци­я­ла­рын, сон­дай-ақ үй құ­сы­ның етін ме­ха­ни­ка­лық бұ­зу бой­ын­ша дай­ын­дау жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды қо­с­па­ған­да тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау ке­зін­де 02-топ­тың ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
1701
Қат­ты күй­де­гі құ­рақ қан­ты неме­се қы­зы­л­ша қан­ты неме­се хи­ми­я­лық та­за са­ха­ро­за
Клер­леу (құ­рақ қан­ты үшін), са­ту­ра­ция, суль­фи­та­ция, сү­зу жө­нін­де­гі және кей­ін­гі (құ­рақ қан­ты және қы­зы­л­ша қан­ты үшін) тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау шар­тта­ры­мен кез кел­ген по­зи­ци­яда­ғы ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау
»;
мына:
«
4015
Ки­ім және түр­лі мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған қат­ты ре­зең­ке­ден бас­қа, вул­ка­ни­за­ци­я­лан­ған ре­зең­ке­ден жа­сал­ған ки­ім­дер­ге (қол­ғап­тар­ды, би­я­лай­лар­ды және ми­тен­кі­лер­ді қо­са ал­ған­да) ар­нал­ған ке­рек-жа­рақ­тар
Кез кел­ген по­зи­ци­я­ның ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау. Алай­да, 4015 по­зи­ци­я­сы­ның пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар құ­ны мы­на­лар­дан:
- та­у­ар­дың осы тү­рін дай­ын­да­ған күн­нен ба­стап бі­рін­ші жы­лы - түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 80 %-ынан;
- екін­ші жы­лы - түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 70 %-ынан;
- үшін­ші жы­лы - түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 60 %-ынан;
- та­у­ар­дың осы тү­рін дай­ын­да­удың төр­тін­ші жы­лы­нан ба­стап түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­уы ти­іс. Мы­на­дай опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау жағ­дай­ын­да:
- ора­ма­лар­ды дай­ын­дау;
- екі-екі­ден же­ке­ле­ген ора­ма­ға қап­тау;
- за­рар­сыздан­ды­ру;
- за­рар­сызды­ғын тек­се­ру
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
4015
Ки­ім және түр­лі мақ­сат­тар­ға ар­нал­ған қат­ты ре­зең­ке­ден бас­қа, вул­ка­ни­за­ци­я­лан­ған ре­зең­ке­ден жа­сал­ған ки­ім­дер­ге (қол­ғап­тар­ды, би­я­лай­лар­ды және ми­тен­кі­лер­ді қо­са ал­ған­да) ар­нал­ған ке­рек-жа­рақ­тар
Кез кел­ген по­зи­ци­я­ның ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау. Алай­да, 4015 по­зи­ци­я­сы­ның пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар құ­ны мы­на­лар­дан:
- та­у­ар­дың осы тү­рін дай­ын­да­ған күн­нен ба­стап бі­рін­ші жы­лы - түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 80 %-ынан;
- екін­ші жы­лы - түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 70 %-ынан;
- үшін­ші жы­лы - түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 60 %-ынан;
- та­у­ар­дың осы тү­рін дай­ын­да­удың төр­тін­ші жы­лы­нан ба­стап түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­уы ти­іс.
За­рар­сыздан­ды­ры­л­ған би­я­лай­лар үшін мы­на­дай опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау жағ­дай­ын­да:
- ора­ма­лар­ды дай­ын­дау;
- екі-екі­ден же­ке­ле­ген ора­ма­ға қап­тау;
- за­рар­сыздан­ды­ру;
- за­рар­сызды­ғын тек­се­ру.
За­рар­сыздан­ды­рыл­ма­ған би­я­лай­лар үшін мы­на­дай опе­ра­ци­я­лар­ды орын­да­ған жағ­дай­да:
- хло­ри­на­ция неме­се по­ли­мер­леу;
- ора­ма­лар­ды дай­ын­дау;
- 25-50 жұп­тан топ­ты ора­ма­ға қап­тау (по­ли­эти­лен­ді қо­сым­ша бет, кар­тон­ды қо­рап/бокс)
»;
мына:
«
5603
5603 по­зи­ци­я­сы­ның то­қыл­ма­ған ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған ме­ди­ци­на­лық бір рет­тік за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған ки­ім­дер­дің жиын­тық­та­ры және бір­лі-жа­рым бұй­ым­да­ры
Кі­ріс ба­қы­ла­уы, тө­сем, пі­шу, тігу (қа­же­тіне қа­рай), за­рар­сыздан­ды­ру, буып-түю, шы­ғыс ба­қы­ла­уы
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
5603-тен
5603 по­зи­ци­я­сы­ның то­қыл­ма­ған ма­те­ри­ал­дан жа­сал­ған ме­ди­ци­на­лық бір рет­тік за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған ки­ім­дер­дің жиын­тық­та­ры және бір­лі-жа­рым бұй­ым­да­ры
Кі­ріс ба­қы­ла­уы, тө­сем, пі­шу, тігу (қа­же­тіне қа­рай), за­рар­сыздан­ды­ру, буып-түю, шы­ғыс ба­қы­ла­уы
»;
мына:
«
6401-6405
Су өт­кіз­бей­тін ұл­та­ны бар және үсті ре­зең­ке неме­се пласт­мас­са болған, үсті ұл­тан­мен бе­кі­тіл­ме­ген, және оны­мен не жіп­пен, не сүм­бі­мен, не ше­ге­лік­пен, не бұ­ран­да­мен, не той­тар­ма ше­ге­мен не бас­қа ұқсас әдіспен бай­ла­ны­спа­ған су өт­кіз­бей­тін аяқ ки­ім - өзге де аяқ ки­ім
Мы­на­дай: қо­ны­шы­ның бөл­шек­те­рі пі­шу, қо­ны­шы мен ұл­тан бөл­шек­те­рін кес­кін­деу, қо­ныш дай­ын­да­ма­сын жи­нақ­тау, аяқ ки­ім­ді тігу тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау шар­тта­ры ке­зін­де кез кел­ген по­зи­ци­я­ның ма­те­ри­ал­да­ры­нан дай­ын­дау
»
деген жол алынып тасталсын;
мына:
«
7311 00990 0
Өзге де қа­ра ме­тал­дар­дан жа­сал­ған сый­ым­ды­лы­ғы 1000 литр неме­се одан астам сығ­ы­л­ған неме­се сұй­ы­ты­л­ған газ­ға ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар
Олар­дың жа­са­луы, бар­лық қол­да­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар құ­ны­ның соң­ғы өні­мі­нің 80 %-нан ас­па­уы қа­жет, оны­мен қо­са тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау шар­ты бой­ын­ша: - ал­дын-ала дай­ын­да­у­лар; - бөл­шек­тер­дің ме­ха­ни­ка­лық өң­де­луі; - жи­нақ­тық - бал­қы­тып бі­рік­ті­ру опе­ра­ци­я­ла­ры; - бар әді­сте­ме­лік тап­сыр­ма­лар­ға сы­нақ жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты және құ­ры­лы­стық құ­жат­та­ма­лар­ға са­лын­ған тех­ни­ка­лық па­ра­метр­лер­ді ба­қы­ла­у­лар­ды жал­пы құ­ра­с­ты­ру
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
7312
Ши­ра­ты­л­ған сым, ар­қан­дар. Ар­қан­дар, өрі­л­ген ба­у­лар, іл­мек­тер және электр оқ­ша­у­ла­ғыш­сыз қа­ра ме­тал­дар­дан жа­сал­ған ұқсас бұй­ым­дар
Дай­ын­дау, ол кез­де пай­да­ла­ны­ла­тын бар­лық ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­уы ти­іс. Алай­да сол по­зи­ци­яда пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны, сол си­яқ­ты да­яр өнім­нің құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 15 %-ынан ас­па­уы ти­іс
»;
мына:
«
84-топ
Яд­ро­лық ре­ак­тор­лар, қа­зан­дық­тар, жаб­дық пен ме­ха­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар, олар­дың бөл­шек­те­рі мы­на­дай по­зи­ци­я­лар­ға жа­та­тын, олар үшін қол­да­ны­ла­тын ере­же­лер тө­мен­де жа­зы­л­ған өнім­дер­ден бас­қа: 8403, 8404, 8406, 8407; 8408 90 850 0-сы­нан бас­қа 8408, 8408 90 850 0, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9-сы­нан бас­қа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8480, 8484, 8485
Дай­ын­дау, ол кез­де пай­да­ла­ны­ла­тын бар­лық ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­уы ти­іс. Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген шек­те өнім­нің сон­дай по­зи­ци­я­сын­да жік­те­ле­тін ма­те­ри­ал­дар тек қа­на түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 5 %-ы ше­гін­де­гі со­ма­ға дей­ін қол­да­ны­ла ала­ды
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
84-топ
Яд­ро­лық ре­ак­тор­лар, қа­зан­дық­тар, жаб­дық пен ме­ха­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар, олар­дың бөл­шек­те­рі мы­на­дай по­зи­ци­я­лар­ға жа­та­тын, олар үшін қол­да­ны­ла­тын ере­же­лер тө­мен­де жа­зы­л­ған өнім­дер­ден бас­қа: 8403, 8404, 8406, 8407, 8408 90 850 0 бас­қа 8408, 8408 90 8500, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9 бас­қа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8471, 847432 000, 8480, 8484, 8485
Дай­ын­дау, ол кез­де пай­да­ла­ны­ла­тын бар­лық ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­уы ти­іс. Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген шек­те өнім­нің сон­дай по­зи­ци­я­сын­да жік­те­ле­тін ма­те­ри­ал­дар тек қа­на түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 5 %-ы ше­гін­де­гі со­ма­ға дей­ін қол­да­ны­ла ала­ды
»;
мына:
«
8414
Ауа неме­се ва­ку­ум­дық сор­ғы­лар, ауа неме­се газ ком­прес­сор­ла­ры және жел­дет­кіш­те­рі;
жел­дет­кі­шпен, сүз­гі­лер­мен неме­се сүз­гі­лер­сіз жел­дет­кіш неме­се ре­цир­ку­ляр­лық со­рып шы­ға­ру қақ­пақ­та­ры неме­се шкаф­та­ры
Дай­ын­дау ке­зін­де бар­лық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ының ас­па­уы ти­іс. Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген шек­те өнім по­зи­ци­я­сын­да жік­те­ле­тін ма­те­ри­ал­дар түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 80 %-ы ше­гін­де­гі со­ма­ға дей­ін қол­да­ны­ла ала­ды
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8414
Ауа неме­се ва­ку­ум­дық сор­ғы­лар, ауа неме­се газ ком­прес­сор­ла­ры және жел­дет­кіш­те­рі; жел­дет­кі­шпен, сүз­гі­лер­мен неме­се сүз­гі­лер­сіз жел­дет­кіш неме­се ре­цир­ку­ляр­лық со­рып шы­ға­ру қақ­пақ­та­ры неме­се шкаф­та­ры
Дай­ын­дау ке­зін­де бар­лық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар­дың құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 50 %-ынан ас­па­уы ти­іс. Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген шек­те өнім­нің сон­дай по­зи­ци­я­сын­да жік­те­ле­тін ма­те­ри­ал­дар 80 % ше­гін­де­гі со­ма­ға дей­ін қол­да­ны­ла ала­ды
»;
мына:
«
8471
Есеп­теу ма­ши­на­ла­ры және олар­дың бл­ок­та­ры; маг­нит­тік неме­се оп­ти­ка­лық са­на­ғыш құ­ры­л­ғы­лар, де­ректер­ді код­тал­ған ны­сан­да­ғы ақ­па­рат та­сы­мал­да­ғы­шта­ры­на және осы­ған ұқсас ақ­па­рат­ты өң­де­у­ге ар­нал­ған ма­ши­на­лар­ға та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған бас­қа жер­де атал­ма­ған және ен­гі­зіл­ме­ген ма­ши­на­лар
Дай­ын­дау ке­зін­де бар­лық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар құ­ны мы­на­дай тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар­ды орын­дау жағ­дай­ын­да түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 80 %-ынан ас­па­уы ти­іс:
- есеп­те­уіш тех­ни­ка­ны кон­фи­гу­ра­ци­я­лау және рет­теу; - кор­пу­ста мы­на­дай функ­ци­о­нал­дық то­рап­тар­ды: жүй­е­лік пла­та­ны, қо­рек­тен­ді­ру бло­гын және есеп­те­уіш тех­ни­ка­сы­ның кон­фи­гу­ра­ци­я­сы­на кі­ре­тін бас­қа құ­рам­да­уы­штар­ды құ­ра­с­ты­ру;
- құ­ра­с­ты­ру­шы эле­мент­тер­дің кі­рі­сін ба­қы­лау;
- БҚ ор­на­ту және есеп­те­уіш
тех­ни­ка­ны те­сті­леу, оның ішін­де алын­ған нәти­же­лер­ді сақ­тай оты­рып ком­пью­тер­дің жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гін тек­се­ру­дің ке­шен­ді те­стін орын­дау
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
8474 32 000 0
Ми­не­рал­ды заттар­ды би­тум­мен ара­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған ма­ши­на (ас­фальт­бе­тон за­уыт­та­ры)
Дай­ын­дау ке­зін­де бар­лық пай­да­ла­ны­ла­тын ма­те­ри­ал­дар құ­ны түп­кі­лік­ті өнім ба­ға­сы­ның 80 %-нан ас­па­уы ти­іс, сон­дай-ақ мы­на­дай тех­но­ло­ги­я­лық опе­ра­ци­я­лар, орын­дал­ған жағ­дай­да:
дай­ын­да­ма­лар­ды жа­сау (тас­па­лы кес­кіш­ті ма­ши­на­лар­да ке­су, га­з­ды плаз­ма­лы ма­ши­на­да пі­шу); бөл­шек­тер­ді ме­ха­ни­ка­лық өң­деу;
кор­пу­сты бөл­шек­тер­ді жа­сау және олар­ды ме­ха­ни­ка­лық өң­деу бой­ын­ша құ­ра­с­ты­ру­шы-дәне­кер­ле­гіш опе­ра­ци­я­лар;
же­ке то­рап­тар­ды құ­ра­с­ты­ру және сы­нау;
қол­да бар әді­сте­ме­лік нұс­қа­у­лар бой­ын­ша кү­ш­тік сы­нақ­тар өт­кі­зе оты­рып және кон­струк­тор­лық құ­жат­та­ма­да са­лын­ған тех­ни­ка­лық па­ра­метр­лер­ді ба­қы­лай оты­рып, қон­дыр­ғы­лар­ды жал­пы мон­таж­дау және пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу
»;
көрсетілген Ережеге 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Тауар өндіру ісіндегі жергілікті қамту үлесін есептеу

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 11 сәуірдегі
№ 346 қаулысына
қосымша
Тауар шығарылған елді анықтау,
тауардың шығу тегі туралы сараптама
актісін жасау және беру әрі тауардың
шығу тегі туралы сертификатты
ресімдеу, куәландыру және беру
жөніндегі ережеге
10-қосымша
Тауар өндіру ісіндегі жергілікті қамту үлесін есептеу
Қ шетел мат
ЖҚҮ= 100% _____________ X 100%,
Қ дайын өнім
мұндағы,
ЖҚҮ - түпкі өнім бағасындағы жергілікті қамту үлесі, %;
Қ шетел мат. - шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны;
Қ дайын өнім. - «франко-зауыт» бағасы бойынша дайын өнімнің құны.

Қолданыстағы