Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 22 декабря 2009 года № 27/241 "Об утверждении Правил застройки территории города Актау"

Ереже · № 32/283 · қабылданған 23.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2009-no-27241/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 22 декабря 2009 года № 27/241 "Об утверждении Правил застройки территории города Актау" Күшін жойған Ереже ·№ 32/283 ·23.04.2010
21.07.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 22 декабря 2009 года № 27/241 "Об утверждении Правил застройки территории города Актау"

Күшін жойған Ереже ·№ 32/283 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 22 декабря 2009 года № 27/241 "Об утверждении Правил застройки территории города Актау"
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/241 "Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32/283
Қабылданған күні
23.04.2010
Көрсетілген редакция
21.07.2011 52680_177476.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10MA000134
ЭКБ идентификаторы
52680
Редакция идентификаторы
52680_177476
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:18

0 Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/241 "Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/241 «Ақтау қаласы аумағында құрылыс салу Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 11-1-128 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 ақпандағы № 31 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың:
1 тармағында:
«Лицензиялау туралы» заңдарына» деген сөздерден кейін, келесі мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қаулысына» деген сөздермен толықтырылсын;
40 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Объект салу үшін, ал қажет болған жағдайларда оның күзет немесе санитариялық-қорғау аймағын белгілеу үшін де жер учаскесін таңдау нәтижелерін жер қатынастары жөніндегі органы жер учаскесін таңдау туралы актімен ресімдейді. Осы актіге әрбір жер учаскесін таңдаудың ықтимал нұсқауларына сәйкес олардың шекарасының жобалары қоса тіркеледі»;
41 тармағындағы «белгіленген мерзім ішінде» деген сөздер «10 күнтізбелік күн ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
47 тармағындағы «он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде» деген сөздер «сұранысты қабылдаған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
48 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Объектілерді жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беруге өтініштерді қарау мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 8 жұмыс күнін құрайды.
Жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарында бастапқы деректерді беру және үй-жайларды немесе тұрғын үй ғимаратының өзге де бөліктерін өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру (немесе оларды беруден дәлелді бас тарту) үшін өтініш берушілер ұсынған құжаттарды қарау мерзімдері өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнін құрайды».
келесі мазмұндағы 48-1 тармағымен толықтырылсын:
«Сәулет - жоспарлау тапсырмасы мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға техникалық шарттарды ресімдеу және беру мерзімдері мынадай объектілер бойынша өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнін құрайды:
1)электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;
2)тау - кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;
3)қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;
4)елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар,бөгеттер);
5)елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:
оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбыржолдар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);
жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты - оптикалық байланыс желілері;
оларға қызмет көрсету объектілерімен бірге темір жолдар;
көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары».
62 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тапсырыс беруші сәулет - жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды алуға өтінішті жергілікті сәулет және қала құрылысы органына береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1)жергілікті атқарушы органның жаңа құрылыс үшін жер учаскесін беру (бөліп беру) туралы шешімі (учаскені пайдалануға рұқсат) немесе жергілікті атқарушы органның қайта жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) үшін қолданыстағы объектілерді өзгертуге рұқсаты;
2)жобалауға арналған бекітілген тапсырма»;
85 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат жобалау (жобалау сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады. Егер объект нормативтік ұзақтық мерзімінің ішінде аяқталмаса, онда құрылысты жалғастыру үшін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) жаңа рұқсат алады.
Құрылысты жалғастыруға арналған жаңа рұқсат өтініштің және тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін, қоса берілетін құжаттардың негізінде беріледі»;
126 тармағындағы «болмауы тиіс» деген сөздер «болмайды» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы