О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2009 года № 365 "О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2009 года № 365 "О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
- Атауы (қаз.)
- Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" № 365 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 25.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2013 72628_169255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KG002329
- ЭКБ идентификаторы
- 72628
- Редакция идентификаторы
- 72628_169255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:12
0 Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 365 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Саран қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 365 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-101 болып тіркелген, 2010 жылы 29 қаңтарда N 4 "Ваша газета" газетінде жарияланған), келесі өзгертулер енгізілсін:
1 1) 1-тармақтың 14) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"14) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсан айы аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқа да елдерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлерге;";
2 2) 1-тармақтың 15) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"15) Балаларды қорғау күні мерекесіне, мүгедек-балаларға;";
3 3) 1-тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"16) Мүгедектер күні мерекесіне, 1, 2, 3 топ мүгедектеріне.
Мерекелік күндерге әлеуметтік көмекті төлеу Саран қаласының мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін;";
4 4) 1-тармақтың 19) тармақшасындағы "салық төлеушінің тіркелу номері, әлеуметтік жеке кодының номері," сөздері алып тасталсын;
5 5) 1-тармақтың 23) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"23) амбулаторлық емделу мерзімінде туберкулезбен ауыратын азаматтарға жыл сайынғы бір жолғы көмек.
Жыл сайынғы бір жолғы көмекті алу үшін өтініш беруші өтінішті келесі құжаттармен қоса ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) медициналық мекемеден анықтама;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымның немесе екінші деңгейлі банкте ашылған жеке шотының көшірмесі.".