О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2009 года № 962
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2009 года № 962
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 962 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 19.03.2010
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2015 AI51357_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P100000227_
- ЭКБ идентификаторы
- 51357
- Редакция идентификаторы
- AI51357_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:45
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 962 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 962 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 284-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу ережесі:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) зерттеу жұмыстарын жүргізу, зерттеу қызметі - гидрографиялық, гидрологиялық, гидрометеорологиялық, гидрохимиялық және геофизикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызмет, сондай-ақ сулар мен теңіз түбі флорасының, фаунасының жай-күйін зерттеулер;
2) кәсіпшілік жұмыстарды жүргізу, кәсіпшілік қызмет - балық аулауға және басқа су жануарлары мен жәндіктерін ұстауға және қорғауға байланысты кез келген жұмыс;
3) шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шаруашылық қызмет - аумақтық сулардағы (теңіздегі) кемелерде жүзеге асырылатын барлық жұмыстар мен қызметтердің түрлері;
4) іздестіру жұмыстарын жүргізу, іздестіру қызметі - су түбін зерделеуге және пайдалы қазбаларды іздеуге байланысты геологиялық жұмыстар жүргізу.»;
7-тармақтағы «Қазақстандық теңіз кемелерінің» деген сөздер «Теңіз кемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«Шетелдік» деген сөз «Қазақстандық және шетелдік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік» деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың екінші абзацында:
«орындау үшін» деген сөздерден кейін «жүзу құралдарымен және өзге де көлік құралдарымен» деген сөздермен толықтырылсын;
«хабарлаусыз» деген сөзден кейін «, Шекара қызметімен келісілген тізімдер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Тізім он жұмыс күні ішінде келісіледі.»;
16-тармақтағы «халықаралық ұйымдар» деген сөздерден кейін «Шекара қызметімен келіседі және» деген сөздермен толықтырылсын.