О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2010 года № 1098 "Об утверждении размеров поощрений за высокие результаты членов национальных сборных команд Республики Казахстан на международных соревнованиях"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 октября 2010 года № 1098 "Об утверждении размеров поощрений за высокие результаты членов национальных сборных команд Республики Казахстан на международных соревнованиях"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1097
- Қабылданған күні
- 27.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 19.12.2014 AI78956_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001097
- ЭКБ идентификаторы
- 78956
- Редакция идентификаторы
- AI78956_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:34
0 "Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының құрама командаларының спортшыларын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы №а1098 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар бекiтiлсiн:
1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
әлем чемпионаттарында:
алтын медаль үшiн - 15000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 7000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
қысқы, жазғы Азия ойындарында:
алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
2) олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
әлем чемпионаттарында:
алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
қысқы, жазғы Азия ойындарында:
алтын медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 2000 АҚШ доллары;
3 3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
алтын медаль үшiн - 3500 АҚШ доллары;
күмiс медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары;
қола медаль үшiн - 700 АҚШ доллары.».