О внесении изменения в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 22 июля 2010 года № 126 "Об утверждении Правил разработки или корректировки финансово-экономического обоснования бюджетных инвестиций, а также отбора бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра экономического развития и торговли Республики Казахстан от 22 июля 2010 года № 126 "Об утверждении Правил разработки или корректировки финансово-экономического обоснования бюджетных инвестиций, а также отбора бюджетных инвестиций, планируемых к реализации посредством участия государства в уставном капитале юридических лиц"
- Атауы (қаз.)
- "Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 21.01.2013
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2014 AI71100_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008337
- ЭКБ идентификаторы
- 71100
- Редакция идентификаторы
- AI71100_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:57
0
"Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгеріс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету ережелерді, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеуінде:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Осы Ереженің 34 және 35-тармақтарында айтылған ҚЭН, сондай-ақ қосымша материалдарды Әкімшілер титулдық бланкіде бірінші басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның немесе жауапты хатшының қолы қойылған жеке ілеспе хатпен, сондай-ақ электрондық көшірмесін қоса тіркей отырып ұсынады.
Ілеспе хатта ҚЭН-нің атауы, мәлімделген сома және Инвестициялардың жүзеге асырылу жылы, қоса тіркелген құжаттар тізбесі көрсетіледі.
ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруларға, қосымша дәлелдемелерге немесе ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға немесе жауапты хатшы қол қояды.
ҚЭН-ді әзірлеуге жауапты Әкімшінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы ҚЭН-нің, сондай-ақ қосымша материалдардың, оның ішінде теріске шығарулардың қосымша дәлелдемелердің немесе ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпараттың әрбір парағына қол қояды.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) еншілес және тәуелді ұйымдары әзірлеген ҚЭН мен техникалық-экономикалық негіздемені мақұлдауды бюджеттік кредит беру бағдарламаларын, бюджеттік инвестициялар бағдарламаларын жоспарлау мен іске асыру, сондай-ақ оларды түзету кезінде Қор Басқармасы жанындағы тиісті Комитет жүзеге асырады. Уәкілетті мемлекеттік органға жолданатын қаржы-экономикалық және техникалық-экономикалық негіздемелердің әрбір парағына осы бағытқа жауапты Қордың басқарма мүшесі, ал оларға қосымша өзге материалдарға – осы бағытқа жауапты Қордың құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.».