О внесении дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 22 декабря 2010 года № 24-2 "Об установлении ставок налогов и стоимости разовых талонов по Бурлинскому району на 2011 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 22 декабря 2010 года № 24-2 "Об установлении ставок налогов и стоимости разовых талонов по Бурлинскому району на 2011 год"
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 24-2 "Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-6
- Қабылданған күні
- 12.07.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2011 59907_196461.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11ZC000116
- ЭКБ идентификаторы
- 59907
- Редакция идентификаторы
- 59907_196461
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:00
0 Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 24-2 "Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданы бойынша 2011 жылға арналған салық ставкаларын және біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы" 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 24-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-3-107 тіркелген, 2011 жылғы 1 ақпандағы "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде N 10 жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
аталып отырған шешімнің 1 қосымшасы мынадай мазмұндағы 3 тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабы негізінде, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлiнген жерлерге Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендер жерлеріне базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын базалық салық ставкалары он есе ұлғайтылсын, 43,40 теңгені құрайды.".