О внесении изменений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 32/258-IV
- Қабылданған күні
- 18.03.2011
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2018 57808_359883.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VC000103
- ЭКБ идентификаторы
- 57808
- Редакция идентификаторы
- 57808_359883
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:50
0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешімге өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 3-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешімге келесі өзгертулер енгізілсін:
Аталған шешімнің «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі» атты қосымшасындағы:
1 1) «Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» атты 2-бөлімдегі:
4-тармақтағы «Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көшірмелерімен қатар құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет» сөздері алынып тасталсын;
2 2) «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу» атты 4-бөлімдегі:
23-тармақтың 1) тармақшасындағы (сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда) сөздері алынып тасталсын.