Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Ереже · № 5/38-V · қабылданған 26.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2010-no-27212-iv-ekb-66784/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 5/38-V ·26.06.2012
14.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 5/38-V · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5/38-V
Қабылданған күні
26.06.2012
Көрсетілген редакция
14.09.2018 66784_359893.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VC002608
ЭКБ идентификаторы
66784
Редакция идентификаторы
66784_359893
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:56

0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағы, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1626 «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешімге келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы» атты қосымшасындағы:
1) «Жалпы ережелер» атты 1-бөлімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
байланыс саласында заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады».
2) «Тұрғын-үй көмегін тағайындау тәртібі» атты 2-бөлімнің 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматттарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
коммуналдық қызметті тұтынуға арналған шоттар;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
3) «Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері» атты 3-бөлімнің 17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
4) 19-тармақ алынып тасталсын.
5) «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық кірісін есептеу» туралы 4-бөлімнің 21-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 7412 нөмірімен тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 31 наурызындағы № 86 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес анықталады».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы