Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Ереже · № 11/78-V · қабылданған 25.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2010-no-27212-iv-ekb-71744/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 11/78-V ·25.02.2013
14.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 11/78-V · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение от 22 июля 2010 года № 27/212-IV "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-ІV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/78-V
Қабылданған күні
25.02.2013
Көрсетілген редакция
14.09.2018 71744_359897.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VC002917
ЭКБ идентификаторы
71744
Редакция идентификаторы
71744_359897
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:38

0 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-ІV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабы 2 тармағына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі туралы» 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-ІV шешімге (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 5-3-94 нөмірімен тіркелген, «7 дней» газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Бұл шешімнің «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесі» атты қосымшасындағы:
«Жалпы ережелер» атты 1-бөлімінің 2-тармағы келесі мазмұндағы 5 азат жолымен толықтырылсын:
«жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі»;
«Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» атты 2-бөлімінде:

4 4-тармақ келесі мазмұндағы 10 азат жолымен толықтырылсын:

«жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот»;

11 11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

11

«11. Электрмен қамту, тұрғын үйді ұстау бойынша шығындар жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері-есептері бойынша есептеледі. Жылумен қамту, сумен қамту, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтерінің шығындары қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын-үй жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын-үй көмегі бюджет қаражаты есебінен алынады.»;
«Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері» атты 3-бөлімінің 17-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

17

«17. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, жеке алғанда телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына арналған, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын-үй жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеудегі шығындары мен жергілікті өкілді органдар белгілеген нормалар және шекті-рұқсат етілген деңгейдегі шектерде отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығындарының арасындағы айырма ретінде айқындалады.».

2

2. Осы шешімнің 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін «Жалпы ережелер» атты 1-бөлімінің 2-тармағы 5 азат жолын, «Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» атты 2-бөлімінің 4-тармағы 10 азат жолын, сондай-ақ «Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі» атты 2-бөлімінің 11-тармағы мен «Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері» атты 3-бөлімінің 17-тармағының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы