О внесении изменений в решение маслихата от 22 октября 2010 года № 291 "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 22 октября 2010 года № 291 "Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 06.08.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2015 83097_134430.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NC005068
- ЭКБ идентификаторы
- 83097
- Редакция идентификаторы
- 83097_134430
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:52
0 Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 291 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-134 тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Арқалық бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.
Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.";