Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 22 февраля 2010 года № 31 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"

Қаулы · № 104 · қабылданған 26.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2010-no-31/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 22 февраля 2010 года № 31 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов" Күшін жойған Қаулы ·№ 104 ·26.04.2010
29.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 22 февраля 2010 года № 31 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 104 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 22 февраля 2010 года № 31 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 31 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
104
Қабылданған күні
26.04.2010
Көрсетілген редакция
29.12.2010 AI52305_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10NH000154
ЭКБ идентификаторы
52305
Редакция идентификаторы
AI52305_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:18

0 Әкімдіктің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 31 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағы негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әкімдіктің 2010 жылғы 22 ақпандағы № 31 "Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың кейбір санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-151 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2010 жылғы 9 сәуірде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармағының 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65 жылдығына байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге, жалданба тұлғаларға отыз бес мың теңге мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, бес мың теңге мөлшерінде;
екінші Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) әскери қызметшілердің ата-аналарына, қайталап некеге тұрмаған зайыбына бес мың теңге мөлшерінде;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне, сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың партизандардың, астыртын күрес жүргізген, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне бес мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғыс жылдарында қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға және де Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызмет үшін және Советтік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға екі мың теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету".

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап орын алған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Д. Мұсылманқұлова
"Денисов ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Е. Подело

Қолданыстағы