Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 22 апреля 2010 года № 354 "О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов"

Қаулы · № 117 · қабылданған 04.02.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2010-no-354/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 22 апреля 2010 года № 354 "О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов" Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·04.02.2011
06.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 22 апреля 2010 года № 354 "О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов"

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 22 апреля 2010 года № 354 "О дополнительных мерах по социальной защите инвалидов"
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 354 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
04.02.2011
Көрсетілген редакция
06.02.2014 57590_192304.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11NB000179
ЭКБ идентификаторы
57590
Редакция идентификаторы
57590_192304
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:13

0 Әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 354 "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес, "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 354 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-2-159, 2010 жылғы 28 мамырда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Рудный қаласында, Перцев, Горняцк кенттерінде, Железорудная стансасында тұратын, тірек-қозғалыс аппаратының функциясы бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға, сондай-ақ оларды сүйемелдеп жүретін тұлғаларға мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автомобиль көлігімен тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі көрсетілсін.";
2-тармақта:
1) тармақшада "тегін көліктік тасымалдау қызметі бойынша" сөздері "тегін көліктік қызмет түрінде" сөздерімен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тегін көліктік қызмет мүгедектерге жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету үшін емдеу мекемелеріне жеткізуден басқа, Рудный қаласы, Перцев, Горняцк кенттері, Железорудная стансасы аумағы шегінде мүгедектердің кіріп-шығуына бейімделген автокөлікпен әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттар мен құрылымдарға бару үшін көрсетіледі".
3) тармақшада "мүгедектерді тегін көліктік тасымалдау қызметін ұйымдастыру бойынша" сөздері "мүгедектерге тегін көліктік қызмет түрінде әлеуметтік көмек көрсету бойынша" сөздерімен ауыстырылсын;
4) тармақшада "мүгедектерді тегін көліктік тасымалдау бойынша қызметтерді" сөздері "мүгедектерге көліктік қызмет" сөздерімен ауыстырылсын;
5) тармақшада "мүгедектерді тегін көліктік тасымалдау бойынша қызмет" сөздері "мүгедектерге көліктік қызмет" сөздерімен ауыстырылсын;
мына мазмұндағы 2-1-тармақшамен толықтырылсын:
"2-1. Мүгедектерге көліктік қызмет үшін төлеу мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа сәйкес қала бюджеті қаражатынан жүргізілсін".

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ресми алғаш жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы