О внесении изменения в решение маслихата от 22 октября 2010 года № 380 "О правилах оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата от 22 октября 2010 года № 380 "О правилах оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 498
- Қабылданған күні
- 26.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2014 61331_155794.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NT000201
- ЭКБ идентификаторы
- 61331
- Редакция идентификаторы
- 61331_155794
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:23
0 Мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 22 қазандағы № 380 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-183 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 4 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
4–тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Уәкілетті орган, өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлайды, не тұрғын үй көмегін тағайындауынан бас тарту туралы дәлелді жауап береді, оның бір данасы өтініш берушіге беріледі.".
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ В. Гринак
"Федоров аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Т. Волоткевич