О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV "О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV "О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 119/14-V
- Қабылданған күні
- 28.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2019 72466_400972.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13A0000775
- ЭКБ идентификаторы
- 72466
- Редакция идентификаторы
- 72466_400972
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:24
0 Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51- ІV «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қазанында № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 129 «Астана ақшамы» және 2010 жылғы 20 қарашадағы № 135 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегi Астана қаласында тұрақты тұратын тұрғын үй иесi немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ақшалай төлем түрінде беріледі.
Тұрғын үй көмегі жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын азаматтарға осы мақсаттарға отбасы шығыстарының шекті жол берілген деңгейінен асып кеткен жағдайда, коммуналдық және өзге де қызметтердің, сондай-ақ есептеу құралының құнын төлеуге беріледі.»;
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішке келесі құжаттар (көшірмелер мен түпнұсқалар салыстыру үшін, түпнұсқада ұсынылатын анықтамалардан басқа) қоса беріледі:
1) тұрғын үйдiң меншiк иесiмен (жалдаушы, қосымша жалдаушы) бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң жеке басын растайтын құжаттары;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органымен берiлген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтардың болмауы (болуы) туралы анықтама;
3) тұрғын үйге құқық беретiн құжат (жекешелендiру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);
4) азаматтарды тiркеу кiтабы;
5) некеге тұру немесе бұзу туралы куәлiк;
6) отбасы кiрiстерi туралы мәлiмет;
7) еңбек қызметiн растайтын құжаттар;
8) АХАЖ органынан (жалғыз басты аналар үшiн) № 4 нысандағы анықтама;
9) тұрғын үй көмегiн тағайындауға хабарласқан айдың алдындағы айға тұрғын үйдi ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот және (немесе) жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналыста бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен, мөрімен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоты;
11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
12) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
13) есептеу құралы құнының түбіртек-шоты - жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратын азаматтар үшін.».