Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане»

Ереже · № 160/20-VI · қабылданған 23.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2010-no-38751-iv/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане» Күшін жойған Ереже ·№ 160/20-VI ·23.06.2017
06.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане»

Күшін жойған Ереже ·№ 160/20-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 22 сентября 2010 года № 387/51-IV «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
160/20-VI
Қабылданған күні
23.06.2017
Көрсетілген редакция
06.03.2019 113445_400982.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17AAZ01115
ЭКБ идентификаторы
113445
Редакция идентификаторы
113445_400982
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:42

0 «Астана қаласында тұрғын үй

көмегін көрсету ережесі туралы»
Астана қаласы мәслихатының
2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы
26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 қаулысына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы»Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-IV шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашада «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған)мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде(бұдан әрі – Ереже):
2-тармақтың екінші абзацындағы «, жеке тұрғын үйде» деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтағы «Басқарма» деген сөз «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы және Ережеге 2-қосымшадағы «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» деген сөздер «Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (бұдан әрі – өтініш иесі) жеке өз басы немесе отбасы атынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынанемесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына жүгінеді.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішке(осы Ережеге
1-қосымша) мынадай құжаттар қоса беріледі («электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталына жүгінген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері):
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшінұсынылады);
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі(жекешелендiру шарты, сыйға беру шарты, сатып алу-сату шарты және т.б.);
3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;
4) отбасыныңтабысын растайтын құжаттар;
5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну, егер олардағы мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда, талап етілмейді.».

2 2. Осы шешімәділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы