О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 22 декабря 2010 года № 39-3 "О районном бюджете на 2011-2013 годы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Таласского районного маслихата от 22 декабря 2010 года № 39-3 "О районном бюджете на 2011-2013 годы"
- Атауы (қаз.)
- "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 39-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 49-17
- Қабылданған күні
- 26.12.2011
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2013 AI62234_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11GJ000126
- ЭКБ идентификаторы
- 62234
- Редакция идентификаторы
- AI62234_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:35
0 "2011 - 2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 39-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына, 109-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес және «2011–2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 30–3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 42 – 2 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1800 болып тіркелген) негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТTІ:
1
1. «2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 39–3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6–10–115 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 қаңтардағы № 9 – 10 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
1 «КІРІСТЕР» бөлімінде:
1 «САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР» санатында:
04 «Меншiкке салынатын салықтар» сыныбында «267405» сандары «279 374» сандарымен ауыстырылсын;
1 «Мүлiкке салынатын салықтар» ішкі сыныбында «227 500» сандары «239765» сандарымен ауыстырылсын;
3 «Жер салығы» ішкі сыныбында «10 835» сандары «11 535» сандарымен ауыстырылсын;
4 «Көлiк құралдарына салынатын салық» ішкі сыныбында «26 973» сандары «25 977» сандарымен ауыстырылсын;
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында «70 126» сандары «58 253» сандарымен ауыстырылсын;
2 «Акциздер» ішкі сыныбында «60297» сандары «46 588» сандарымен ауыстырылсын;
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» ішкі сыныбында «7 424» сандары «9 230» сандарымен ауыстырылсын;
4 «Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар» ішкі сыныбында «2 183» сандары «2 129» сандарымен ауыстырылсын;
5 «Ойын бизнесіне салық» ішкі сыныбында «222» сандары «306» сандарымен ауыстырылсын;
08 «Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер» сыныбында «4 141» сандары «4 045» сандарымен ауыстырылсын;
1 «Мемлекеттік баж» ішкі сыныбында «4 141» сандары «4 045» сандарымен ауыстырылсын;
2 «Шығындар» бөлімінде:
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында «159 097» сандары «158 982» сандарымен ауыстырылсын;
454 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша «4745» сандары «4630» сандарымен ауыстырылсын;
099 «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарлама бойынша «4745» сандары «4630» сандарымен ауыстырылсын;
15 «Трансферттер» функционалдық тобында «15 409» сандары «15 524» сандарымен ауыстырылсын;
452 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша «15 409» сандары «15 524» сандарымен ауыстырылсын;
006 «Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару» бағдарлама бойынша «4745» сандары «4630» сандарымен ауыстырылсын.