Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 октября 2010 года № 470 «Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан»

Бұйрық · № 416 · қабылданған 20.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2010-no-470/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 октября 2010 года № 470 «Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 416 ·20.06.2019
20.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 октября 2010 года № 470 «Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 416 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 22 октября 2010 года № 470 «Об утверждении Правил уведомления эксплуатантом гражданского воздушного судна Республики Казахстан о выполненном нерегулярном международном полете вне пределов воздушного пространства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
416
Қабылданған күні
20.06.2019
Көрсетілген редакция
20.06.2019 132804_411955.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018905
ЭКБ идентификаторы
132804
Редакция идентификаторы
132804_411955
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:26

0

«Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6644 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 116-119 (26521) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін пайдаланушының тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау жөнінде хабарлау қағидалары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген тәртіппен орындалған тұрақты емес халықаралық ұшу жөнінде хабарлаудың тәртібін (бұдан әрі – Хабарлама) регламенттейді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама жолдайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға келесі есептік кезеңдегі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ай сайын Хабарламаны ілеспе хат арқылы жолдайды.»;
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылдың 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

0 Хабарландыру

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «___» __________
№ ____ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы әуе
кеңістігінің шегінен тыс
жерде Қазақстан Республикасы
азаматтық әуе кемесін
пайдаланушының тұрақты
емес халықаралық ұшуды орындау
жөнінде хабарлау қағидаларына
қосымша
Нысан
Хабарландыру
1. Пайдаланушының атауы _________________________________________
2. Рейс нөмірі (егер ұшу әуе кемесінің тіркелген нөмірі бойынша орындалса - әуе кемесінің тіркеу нөмірін көрсету) ____________________________________________
3. Әуе кемесінің үлгісі, тіркеу нөмірі _________________________________
_________________________________________________________________
4. Көрсетілген нөмір рейсіндегі ұшудың толық авиабағытын (әуе кемесінің тіркелген нөмірі)___________________________________________________________
5. Ұшу және қону күні______________________________________________
6. Ұшу мақсаты____________________________________________________

Қолданыстағы