О внесении изменения в постановление акимата Аксуского района от 22 ноября 2011 года N 890 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Аксуском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Аксуского района от 22 ноября 2011 года N 890 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Аксуском районе"
- Атауы (қаз.)
- Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 517
- Қабылданған күні
- 27.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2013 68143_190823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DD002149
- ЭКБ идентификаторы
- 68143
- Редакция идентификаторы
- 68143_190823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:15
0 Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы" N 890 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақсу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы "Ақсу ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (2011 жылғы 24 қарашадағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-4-139 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 10 желтоқсанда аудандық "Ақсу өңірі" газетінің N 50 (9581) жарияланған) N 890 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "бір жарым" сөзі "үш" сөзіне ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақсу ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығы
Бекбаланов Қайрат Тынбайұлы
27 қыркүйек 2012 жыл