О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 сентября 2011 года № 08-3/534 "Об утверждении Правил проведения регистрации ветеринарных специалистов, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 22 сентября 2011 года № 08-3/534 "Об утверждении Правил проведения регистрации ветеринарных специалистов, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии"
- Атауы (қаз.)
- "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-07/145
- Қабылданған күні
- 03.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2014 AI72847_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300008448
- ЭКБ идентификаторы
- 72847
- Редакция идентификаторы
- AI72847_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:21
0 "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
берілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерінде:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тiркеуге ветеринария саласындағы ветеринариялық мамандармен жүзеге асырылатын келесi кәсiпкерлiк қызмет түрлерi кiредi:»;
6-тармақта:
3) тармақша алынып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«мамандардың білімі туралы мәліметтерді қамтиды.»;
8-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;»;
бірінші бөліктің үшінші абзацы алынып тасталсын;
берілген ереженің 1 және 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (М.Қ. Тайтубаев) заңдылықта белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмi
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыратын ветеринария
мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 16-07/145 бұйрығына қосымша
Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын
тiркеу жүргiзу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмi
Реттiк №, күнi (тiркеу нөмiрi)
Маманның аты-жөнi, ЖСН
Ветеринариялық қызметтi жүзеге асыратын орны
Көрсетiлетiн қызмет түрлерi
Маманның бiлiмi туралы мәлiмет
1
2
3
4
5
Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi
жүзеге асыратын ветеринария мамандарын
тiркеу жүргiзу қағидасына
2-қосымша
Нысан
ЖАО _________________________________
____________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын
куәләндыратын құжаттың нөмiрi, ЖСН)
мекен-жайы: ________________
__________________________________
ӨТIНIШ
Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын
ветеринария маманы ретiнде тiркеудi өтiнемiн.
Қызмет түрлерi:________________________________________________
Келесi құжаттарды қоса берiп отырмын:
Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi:___________________
бiлiм туралы дипломның көшiрмесi:______________________________
Жалған мәлiмет және дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк
туралы ескертiлдiм. Мен ұсынған мәлiметтерi мен құжаттардың тексерiлуiне
қарсы емеспiн.
Қызмет жүзеге асырылатын орын:________________________________
____________________ 20___ жыл
______________________________
(өтiнiш берушiнiң қолы)
Қосымша: ______ парақта. Құжаттар қабылданды________ 20 __ жыл
____________________________________
(құжат қабылдаған тұлғаның қолы)
Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________
-----------------------------------------------
(жырту сызығы)
ТАЛОН
Өтiнiш берушiнiң тiркеу № ____________________________________
Азаматтың өтiнiшi және құжаттары _____________________________
Қабылдадым ____________ 20 ___ жыл ___________________________
(қолы) (қолдың талдауы)
Құжаттар саны _______________ дана _________ парақ.
Орындалу мерзiмi __________________________ 20 ___ жыл