Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению города Балхаш»

Ереже · № 4/50 · қабылданған 24.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2011-no-55415-ekb-106590/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению города Балхаш» Күшін жойған Ереже ·№ 4/50 ·24.08.2016
26.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению города Балхаш»

Күшін жойған Ереже ·№ 4/50 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению города Балхаш»
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/50
Қабылданған күні
24.08.2016
Көрсетілген редакция
26.04.2021 106590_523196.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KD003961
ЭКБ идентификаторы
106590
Редакция идентификаторы
106590_523196
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:59

0 Қалалық мәслихаттың

2011 жылғы 22 желтоқсандағы
«Балқаш қаласы тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесін бекіту туралы»
№ 55/415 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» № 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» № 2314 қаулыларына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 55/415 «Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (11836) «Балқаш өңірі», 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (874) «Северное Прибалхашье» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы», 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулыларына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
24 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«24. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының жеке ісі түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.».

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
2016 жыл 24 тамыз
2016 жыл 24 тамыз
2016 жыл 24 тамыз

Қолданыстағы