Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш"

Ереже · № 6/55 · қабылданған 18.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2011-no-55415-ekb-67003/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш" Күшін жойған Ереже ·№ 6/55 ·18.07.2012
26.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш"

Күшін жойған Ереже ·№ 6/55 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш"
Атауы (қаз.)
Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6/55
Қабылданған күні
18.07.2012
Көрсетілген редакция
26.04.2021 67003_523194.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KD000286
ЭКБ идентификаторы
67003
Редакция идентификаторы
67003_523194
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:47

0 Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы №18 "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) Ереженің 1 тармағының 5) тармақшасында "(оның ішінде қатты отын)" деген сөздер алынып тасталсын;

2 2) Ереженің 1 тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

"6) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;";

3 3) Ереженің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының 7) тармақшасында "(азаматтың)" деген сөз "(азаматтардың)" деген сөзбен ауыстырылсын;

4 4) Ереженің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының 7) тармақшасының екінші абзацында "Отбасының" деген сөзден кейін "(азаматтардың)" деген сөзбен толықтырылсын;

5 5) Ереженің орыс тілдегі 1 тармағының 9) тармақшасының төртінші абзацында "тарифа" деген сөз алынып тасталсын;

6 6) Ереженің 1 тармағының 12) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

"12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;";

7 7) Ереженің орыс тілдегі 4 тармағында "тарифа" деген сөз алынып тасталсын;

8 8) Ереженің орыс тілдегі 5 тармағында "тарифа" деген сөз алынып тасталсын;

9 9) Ереженің 8 тармағында мемлекеттік тілдегі "тарифтерінің" деген сөз алынып тасталсын;

10 10) Ереженің 8 тармағында орыс тілдегі "тарифа" деген сөз алынып тасталсын;

11 11) Ереженің 10 және 13 тармақтары алынып тасталсын;

12 12) Ереженің мемлекеттік тілдегі 17 тармағының екінші абзацында "қатты отынға,", "тарифінің" деген сөздер алынып тасталсын;

13 13) Ереженің орыс тілдегі 17 тармағының екінші абзацында "приобретения твердого топлива," деген сөздер алынып тасталсын;

14 14) Ереженің 27 тармағында мемлекеттік тілдегі "тарифінің" деген сөз алынып тасталсын;

15 15) Ереженің 27 тармағында орыс тілдегі "тарифа" деген сөз алынып тасталсын.

2 2. Қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3/34 "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

"КЕЛІСІЛДІ"
18 шілде 2012 жыл
18 шілде 2012 жыл
18 шілде 2012 жыл

Қолданыстағы