О внесении изменений в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 55/415 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Балхаш"
- Атауы (қаз.)
- Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13/111
- Қабылданған күні
- 27.03.2013
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2021 72233_523204.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KD002314
- ЭКБ идентификаторы
- 72233
- Редакция идентификаторы
- 72233_523204
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:26
0 Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-266 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (11836) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 15 ақпандағы № 18 (874) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған), оған қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі "Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Балқаш қаласы тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 55/415 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 6/55 шешімімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-286 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 тамыздағы № 89-90 (11908) "Балқаш өңірі", 2012 жылғы 17 тамыздағы № 89-90 (984) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) орыс тілдегі шешімінің тақырыбында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
2 2) орыс тілдегі шешімінің 1 тармағында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 3) орыс тілдегі Ереженің тақырыбында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
4 4) орыс тілдегі Ереженің кіріспесінде "размер" деген сөзінен кейін "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын;
5 5) Ереженің 1-тармағының 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"9) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) келесі шығындардың сомаларын төлеу бойынша жартылай орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы:
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратын) ұстауға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтi тұтынуға;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады;";
6 6) Ереженің 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"2. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі.";
7 7) Ереженің 23-тармағының 6) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді және телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтi тұтынуға, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құны бойынша шығындарды төлеу туралы мәліметтер (түбіртек-шот, анықтама, хабарлау, шарт);";
8 8) орыс тілдегі Ережеге 1, 2, 3 қосымшалардың тақырыптарында "предоставления" деген сөз "оказания" деген сөзбен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
27 наурыз 2013 жыл
27 наурыз 2013 жыл
27 наурыз 2013 жыл