Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас"

Ереже · № 347 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2011-no-676-ekb-81511/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас" Күшін жойған Ереже ·№ 347 ·30.06.2014
28.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас"

Күшін жойған Ереже ·№ 347 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас"
Атауы (қаз.)
Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
347
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
28.03.2024 81511_693958.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KG002696
ЭКБ идентификаторы
81511
Редакция идентификаторы
81511_693958
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:15

0 Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы" № 676 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелген, 2011 жылы 30 желтоқсандағы № 53 "Саран газеті" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережесінде, анықталған көрсетілген шешіммен:

1 1) 12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"12. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға өтініш білдірген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.";

2 2) 13 және 14 тармақтар алынып тасталсын;

3 3) 18 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылығының мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы