Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 «Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас»

Ереже · № 32 · қабылданған 15.06.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2011-no-676/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 «Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас» Күшін жойған Ереже ·№ 32 ·15.06.2023
28.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 «Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас»

Күшін жойған Ереже ·№ 32 · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 «Об определении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас»
Атауы (қаз.)
«Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32
Қабылданған күні
15.06.2023
Көрсетілген редакция
28.03.2024 183113_693952.kaz
Соңғы өзгеріс
28.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23KG643609
ЭКБ идентификаторы
183113
Редакция идентификаторы
183113_693952
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:22

0 «Саран қаласы мен Ақтас кенті

халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы
Ережені анықтау туралы» Саран қалалық мәслихатының
2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені анықтау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 676 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен анықталған, Саран қаласы және Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережеде:
4-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары отбасының әрбір мүшесіне ұсынылған тұрғын үй заңдар жинағымен бекітілген тұрғын үй нормаларына балама және бір бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін - пәтердің жалпы алаңы, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын бір адамға шаққанда он сегіз шаршы метрді құрайды. Жалғыз басты тұрып жатқан зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар, көп бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін алаңның әлеуметтік нормасы - қырық шаршы метр, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтардың басқа санаттары үшін әлеуметтік нормасы - отыз шаршы метр;»;
18-5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«18-5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қазанда № 21500 болып тіркелген) бекіткен, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-тармағының 3-тармақшасында және 12-тармағында көзделген мерзімдер мен тәртіпте тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы