Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 апреля 2013 года № 5С-19/3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жаркаинском районе"

Ереже · № 5С-32/5 · қабылданған 17.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2013-no-5-193-ekb-79010/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 апреля 2013 года № 5С-19/3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жаркаинском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 5С-32/5 ·17.03.2014
30.03.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 апреля 2013 года № 5С-19/3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жаркаинском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 5С-32/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жаркаинского районного маслихата от 22 апреля 2013 года № 5С-19/3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жаркаинском районе"
Атауы (қаз.)
Жарқайың аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 5С-19/3 "Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5С-32/5
Қабылданған күні
17.03.2014
Көрсетілген редакция
30.03.2015 AI79010_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BL004100
ЭКБ идентификаторы
79010
Редакция идентификаторы
AI79010_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:28

0 Жарқайың аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 5С-19/3 "Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Жарқайың аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 5С-19/3 «Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3738 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 мамырда аудандық «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының қосымшасындағы 1 тармақтың бесінші азат жолы алынып тасталсын;
2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Жарқайың ауданында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған төлемдердің шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 11 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.»;
10 тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

Қолданыстағы