О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 557
- Қабылданған күні
- 10.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2018 125148_360019.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017535
- ЭКБ идентификаторы
- 125148
- Редакция идентификаторы
- 125148_360019
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:57
0 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
5-тармақ алынып тасталсын;
6, 7 және 8 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
1) ұлттық зерттеу университеті;
2) ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
3) зерттеу университеті;
4) университет;
5) академия;
6) институт;
7) консерватория.
7. Мамандандырылған білім беру ұйымдары:
1) мамандандырылған мектеп;
2) мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп - лицей);
3) мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);
4) мамандандырылған мектеп - интернат;
5) мамандандырылған мектеп - лицей - интернат;
6) мамандандырылған мектеп - гимназия - интернат;
7) мамандандырылған музыка мектеп - интернаты;
8) мамандандырылған спорт мектеп - интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп - интернат - колледж);
9) мамандандырылған хореография мектеп - интернаты (мамандандырылған хореография мектеп - интернат - училищесі);
10) мамандандырылған әскери мектеп - интернат;
11) «Білім-инновация» лицей - интернаты;
12) мамандандырылған мектеп - кешендер;
13) мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;
14) мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.
8. Арнайы білім беру ұйымдары:
1) арнайы бөбекжай;
2) арнайы балабақша;
3) арнайы мектеп;
4) арнайы мектеп - интернат;
5) арнайы кешен «балабақша - мектеп - интернат»;
6) арнайы кешен «мектеп - интернат - колледж»;
7) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;
8) оңалту орталығы;
9) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;
10) логопедтік пункт.».
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;