Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»

Бұйрық · № 251 · қабылданған 17.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2013-no-50-ekb-143915/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 251 ·17.06.2020
17.06.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 251 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
251
Қабылданған күні
17.06.2020
Көрсетілген редакция
17.06.2020 143915_468935.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020873
ЭКБ идентификаторы
143915
Редакция идентификаторы
143915_468935
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:02

0 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) бөбекжай;
2) балабақша;
3) отбасылық бөбекжай;
4) санаториялық бөбекжай;
5) мектепке дейінгі шағын орталық.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) оқыту бейіні бойынша:
гимназия;
лицей;
бейіндік мектеп (жоғары мектеп);»;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) біріктірілген:
«мектеп-бөбекжай» кешені;
«мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;
«бастауыш мектеп - бөбекжай - балабақша»;
мектеп-гимназия;
мектеп-лицей;
қосымша білім беру мектеп-орталығы;
мектеп-интернат-колледж;
оқу-сауықтыру орталығы (кешен);
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);
оқу-тәрбие орталығы (кешен);
оқу орталығы;
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:
1) колледж – школа-интернат
2) колледж – мектеп;
3) колледж;
4) училище;
5) кәсіптік даярлау оқу орталығы;
6) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған колледж;
7) түзету мекемелері жанындағы кәсіптік даярлау оқу орталығы;
8) түзету мекемелері жанындағы колледж;
9) әскери – техникалық колледж;
10) жоғары колледж.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнайы білім беру ұйымдары:
1) арнайы бөбекжай;
2) арнайы балабақша;
3) арнайы мектеп;
4) арнайы мектеп-балабақша;
5) арнайы мектеп - интернат;
6) арнайы кешен «балабақша - мектеп – интернат»;
7) арнайы кешен «мектеп - интернат – колледж»;
8) психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;
9) оңалту орталығы;
10) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;
11) білім беру ұйымдарының жанындағы инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті;
12) логопедтік пункт.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары:
1) ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы;
2) отбасы үлгісіндегі балалар ауылы;
3) қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы;
4) жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы);
5) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы