О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 182
- Қабылданған күні
- 26.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.04.2021 155322_522566.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022630
- ЭКБ идентификаторы
- 155322
- Редакция идентификаторы
- 155322_522566
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:24
0 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 7 тамыз № 184 санында (28123)) жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
1-тармақ мынадай редакцияда 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) арнайы бөбекжай;
7) арнайы балабақша.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдары:
1) білім беру деңгейі бойынша:
бастауыш мектеп;
негізгі орта мектеп;
жалпы орта білім беретін мектеп;
2) оқыту бейіні бойынша:
гимназия;
лицей;
бейіндік мектеп (жоғары мектеп);
3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:
шағын жинақты мектеп;
тірек мектеп (ресурстық орталық);
түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;
кешкі мектеп;
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;
ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы;
аурухана жанындағы мектеп;
4) халықаралық:
халықаралық мектеп;
5) интернаттық ұйымдар:
мектеп-интернат;
әскери мектеп-интернат;
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;
тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернат;
санаториялық мектеп-интернат.
6) біріктірілген:
«мектеп-бөбекжай» кешені;
«мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;
«бастауыш мектеп - бөбекжай – балабақша»;
мектеп-гимназия;
мектеп-лицей;
қосымша білім беру мектеп-орталығы;
мектеп-интернат-колледж;
оқу-сауықтыру орталығы (кешен);
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);
оқу-тәрбие орталығы (кешен);
оқу орталығы;
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;
білім беру ұйымдарының жанындағы инклюзивтік білім беруді қолдау кабинеті;
логопедтік пункт;
қыздар мектеп-гимназиясы.
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:
мамандандырылған мектеп;
мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп - лицей);
мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);
мамандандырылған мектеп-интернат;
мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;
мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;
мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);
мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);
мамандандырылған әскери мектеп - интернат;
«Білім-инновация» лицей-интернаты;
мамандандырылған мектеп-кешендер;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.
8) арнайы білім беру ұйымдары:
арнайы мектеп;
арнайы мектеп-балабақша;
арнайы мектеп - интернат;
арнайы кешен «балабақша - мектеп – интернат»;
арнайы кешен «мектеп - интернат – колледж»;
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;
оңалту орталығы;
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті;
аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы).»;
7 және 8-тармақтар алып тасталсын.