Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»

Бұйрық · № 156 · қабылданған 21.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2013-no-50-ekb-198011/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 156 ·21.06.2024
21.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 156 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 февраля 2013 года № 50 «Об утверждении номенклатуры видов организаций образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
156
Қабылданған күні
21.06.2024
Көрсетілген редакция
21.06.2024 198011_707375.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034562
ЭКБ идентификаторы
198011
Редакция идентификаторы
198011_707375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:55

0 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), оның ішінде мамандандырылған білім беру ұйымдары:
1) білім беру деңгейі бойынша:
бастауыш мектеп;
негізгі орта мектеп;
жалпы орта білім беретін мектеп;
2) оқыту бейіні бойынша:
гимназия;
лицей;
бейіндік мектеп (жоғары мектеп);
3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша:
шағын жинақты мектеп;
тірек мектеп (ресурстық орталық);
түзеу мекемелері жанындағы жалпы орта білім беретін мектеп;
кешкі мектеп;
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;
ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;
аурухана жанындағы мектеп;
арнайы мектеп;
4) халықаралық:
халықаралық мектеп;
5) интернаттық ұйымдар:
мектеп-интернат;
әскери мектеп-интернат;
жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;
тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернат;
санаториялық мектеп-интернат;
арнайы мектеп-интернат;
6) біріктірілген:
«мектеп-бөбекжай» кешені;
«мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені;
«бастауыш мектеп-бөбекжай-балабақша»;
арнайы «мектеп-балабақша»;
арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат»;
мектеп-гимназия;
мектеп-лицей;
қосымша білім беретін мектеп-орталығы;
мектеп-интернат-колледж;
арнайы кешен «мектеп-интернат-колледж»;
оқу-сауықтыру орталығы (кешен);
оқу-өндірістік комбинат (мектепаралық, курстық);
оқу-тәрбие орталығы (кешен);
оқу орталығы;
дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы;
қыздар мектеп-гимназиясы;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдары:
мамандандырылған мектеп;
мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей);
мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп - гимназия);
мамандандырылған мектеп-интернат;
мамандандырылған мектеп-лицей-интернат;
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат;
мамандандырылған музыка мектеп-интернаты;
мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж);
мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі);
мамандандырылған әскери мектеп - интернат;
«Білім-инновация» лицей-интернаты;
мамандандырылған мектеп-кешен;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі;
мамандандырылған ақпараттық технологиялар лицейі.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Арнайы білім беру ұйымдары:
психологиялық - медициналық - педагогикалық консультация;
оңалту орталығы;
психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;
аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы;
логопедтік пункті.».

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы