О внесении изменений в решение районного маслихата от 22 декабря 2014 года № 162 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса в 2015 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 22 декабря 2014 года № 162 "О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса в 2015 году"
- Атауы (қаз.)
- "2015 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 162 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 20.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2016 AI90769_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CE004360
- ЭКБ идентификаторы
- 90769
- Редакция идентификаторы
- AI90769_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:01
0 "2015 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 162 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 162 "2015 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4143 тіркелген, 2015 жылы 20 қаңтарда аудандық "Ырғыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесіндегі "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" сөздері "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" сөздермен ауыстырылсын.
Көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит".
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы
В. МАШИНА
Аудандық мәслихаттың хатшысы
К. ҚОСАЯҚОВ