О внесении изменения в решение Тарбагатайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 21-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Тарбагатайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 21-13 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 21-13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-8
- Қабылданған күні
- 18.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2018 89074_340928.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VP003852
- ЭКБ идентификаторы
- 89074
- Редакция идентификаторы
- 89074_340928
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:03
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы»
Тарбағатай аудандық
мәслихатының 2014 жылғы
22 шілдедегі № 21-13 шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 - бабының 2 - 3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Кағидаларын бекіту туралы» Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 21-13 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3459 нөмірімен тіркелді, «Тарбағатай» газетінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 74 санында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан - басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға - 65000 (алпыс бес мың) теңге;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға; төрт және одан асқан бірге тұратын кәмелетке толмаған,соның ішінде жалпы білім беретін орта мектептерде,күндізгі оқыту нысанында жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқитын, кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын аяқтаған мерзімге дейін, бірақ 23 жастан аспайтын жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасыларға - 10 000 (он мың) теңге;
3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 65 000 (алпыс бес мың) теңге;
4) Жеңіс күні - 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 210 000 (екі жүз он мың) теңге;
Қайталап некеге отырмаған қаза тапқан Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының зайыптарына – 60 000 (алпыс мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталғандарға –30 000 (отыз мың) теңге;
Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 24 000 (жиырма төрт мың) теңге;
5) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:
16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға - 5000 (бес мың) теңге.