О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/5-VI
- Қабылданған күні
- 26.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2019 113334_411793.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VE005113
- ЭКБ идентификаторы
- 113334
- Редакция идентификаторы
- 113334_411793
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:41
0 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның
мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын
бекiту туралы» Абай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5 -V шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3455 болып тіркелген, 2014 жылғы 25-31 тамыздағы № 30 «Абай елі» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның
мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларының:
11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі»;
1-тармақтың 8) тармақшасы, 22-тармақ алынып тасталсын.