О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/5-V
- Қабылданған күні
- 13.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.06.2019 92444_411795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15VE004063
- ЭКБ идентификаторы
- 92444
- Редакция идентификаторы
- 92444_411795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:09
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын
бекіту туралы» Абай аудандық
мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қиғидаларын бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3455 болып тіркелген, 2014 жылғы 25-31 тамызда «Абай елі» газетінің № 30 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
«Алтын алқа» алқасымен, І мен ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға – 10 000 теңге;
«Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 10 000 теңге;
төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға – 10 000 теңге;
2) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан:
басқа мемлекеттердiң аумақтарында ұрыс қимылдарға
қатысушыларға – 60 000 тенге:
Ауғанстанда немесе әскери іс-қимылдар жүргізілген басқа мемлекеттерде қызмет атқару кезінде жаралану, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедек болып қаза тапқан (хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің жанұяларына – 60 000 теңге;
3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 25 000 теңге;
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 160 000 теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталғандарға – 10 000 теңге;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға – 24 000 теңге.».