Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2014 года № 25/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района"

Ереже · № 34/5 · қабылданған 31.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2014-no-252-ekb-82479/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2014 года № 25/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района" Күшін жойған Ереже ·№ 34/5 ·31.07.2014
27.06.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2014 года № 25/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района"

Күшін жойған Ереже ·№ 34/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 22 января 2014 года № 25/2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района"
Атауы (қаз.)
"Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне өзгертулер және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34/5
Қабылданған күні
31.07.2014
Көрсетілген редакция
27.06.2016 82479_Some(101863).kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SJ002916
ЭКБ идентификаторы
82479
Редакция идентификаторы
82479_Some(101863)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:56

0 "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің

және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы
мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне өзгертулер және толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 25/2 шешіміне (2014 жылғы 14 ақпандағы «Солтүстік жұлдызы», «Знамя труда» аудандық газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2546 тіркелген) келесі өзгертулер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында (әрі қарай – Қағида):
Қағиданың 5-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (тоқсан сайын, жылына бір рет, 2 жылда бір реттен артық емес) көрсетіледі.»;
Қағиданың 7-тармағының 4)-тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда);»;
Қағиданың 7-тармағының 4)-тармақшасының он үшінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы ССР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғалар – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2015 жылғы 9 мамырды қоспағанда).»;
Қағиданың 7-тармағы келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

4-1 «4-1) 2015 жылдың 9 мамыры – «Жеңіс күні» (Жеңістің 70 жылдығын меркелеу):

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегi және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған тұлғалар – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
Қағиданың 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

8 «8. Қиын өмірлік жағдай туындаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі:

Табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), кірістерді есептемегенде, 40 айлық есептік көрсеткіштен артық емес, аталған оқиға болған күннен бастап алты ай айдан кешіктірмей өтініш білдірсе;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, сонымен қатар жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тісті протездеуге, ұсынылған шот-фактураның құнына сәйкес (бағалы металлдар мен металлокерамикадан, металлоакриллден жасалған протездерден басқа) 2 жылда бір реттен артық емес;
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге, сонымен қатар жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделуге, Қазақстан Республикасының санаторийлерінде және профилакторийлерінде санаторлық–курорттық емделу құны мөлшерінде, кірісті есептемегенде жылына бір рет;
туберкулездің белсенді формасымен ауыратын тұлғаларға тоқсан сайын емделу мекемелерінен анықтама ұсыну бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3 3) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
____________________Е. Сұлтанов
2014 жылғы 31 шілде

Қолданыстағы