О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 22 октября 2014 года № 5ВС-31-1 «Об определении порядка и размера затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов в Жаксынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 22 октября 2014 года № 5ВС-31-1 «Об определении порядка и размера затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов в Жаксынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС-31-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-14-5
- Қабылданған күні
- 11.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2023 112940_672291.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BM005998
- ЭКБ идентификаторы
- 112940
- Редакция идентификаторы
- 112940_672291
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:09
0 Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС- 31-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС-31-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 болып тіркелген, 2014 жылы 17 қарашада аудандық "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";
1-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі айқындалсын:»;
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жақсы ауданының әкімі
___________ Қ. Сүйіндіков
2017 жыл «_11_» __05__