О внесении изменений и дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 22 октября 2014 года № 5С-32/8 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Степногорского городского маслихата от 22 октября 2014 года № 5С-32/8 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7С-19/5
- Қабылданған күні
- 29.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2022 172772_596181.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22BB030121
- ЭКБ идентификаторы
- 172772
- Редакция идентификаторы
- 172772_596181
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:44
0 Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Степногорск қалалық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.»;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
Степногорск қалалық мәслихатының
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 7С-19/5 шешіміне
қосымша
Степногорск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 5С-32/8 шешіміне
қосымша
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1
1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5
5. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.