Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 550 «Об утверждении Правил перемещения осужденных к лишению свободы в период отбывания наказания»

Бұйрық · № 231 · қабылданған 18.03.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2014-no-550/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 550 «Об утверждении Правил перемещения осужденных к лишению свободы в период отбывания наказания» Қолданыста Бұйрық ·№ 231 ·18.03.2020
18.03.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 550 «Об утверждении Правил перемещения осужденных к лишению свободы в период отбывания наказания»

Қолданыста Бұйрық ·№ 231 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 550 «Об утверждении Правил перемещения осужденных к лишению свободы в период отбывания наказания»
Атауы (қаз.)
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
231
Қабылданған күні
18.03.2020
Көрсетілген редакция
18.03.2020 140835_452225.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020189
ЭКБ идентификаторы
140835
Редакция идентификаторы
140835_452225
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:35

0 «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 550 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9758 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазасын өтеу кезеңінде орнын ауыстыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сотталғандардың орнын ауыстыру кезінде оларды мекеме (жіберуші орган) киіммен, маусымдық аяқ киіммен, сондай-ақ сотталғандарға белгіленген норма бойынша «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысына сәйкес жол жүруінің барлық кезеңіне азық-түлікпен қамтамасыз етеді.
Егер сотталған адамды ауыстыру тергеу изоляторларының транзиттік-өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылған жағдайда, сотталғандарды жіберуші орган келесі транзиттік-өткізу пунктіне дейін немесе межелі пунктіне дейін азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Ж.Б. Ешмағамбетов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы