О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 551 «Об утверждении Правил направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 551 «Об утверждении Правил направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания»
- Атауы (қаз.)
- «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 440
- Қабылданған күні
- 31.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2023 182412_635575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032656
- ЭКБ идентификаторы
- 182412
- Редакция идентификаторы
- 182412_635575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:39
0 «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:
9-тармақ алып тасталсын:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«10. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес мекемелерге жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармағымен толықтырылсын:
«10-1. Төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады.
Шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2 және 13-3-тармақтарымен толықтырылсын:
«13-1. Сотталған әйелдерді – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда олар сотталған әйелдерді ұстауға арналған мекемелерге жіберіледі.
13-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 46-бабы 5-бөлігінің 1) тармағында көрсетілген адамдарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтемеген адамдар: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар; ҚК-ның 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ҚК-ның 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталғандар; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған алғаш рет сотталған адамдар жіберіледі.
13-3. ҚАК-ның 96-бабында көзделген тәртiппен орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған, оң мiнезделетін сотталғандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге сондай-ақ, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдар: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар; ҚК-ның 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ҚК-ның 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдар жіберіледі.».