Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 22 сентября 2014 года № 710 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление физической культуры и спорта Кызылордиской области"

Қаулы · № 851 · қабылданған 17.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2014-no-710/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 22 сентября 2014 года № 710 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление физической культуры и спорта Кызылордиской области" Күшін жойған 19.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 22 сентября 2014 года № 710 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление физической культуры и спорта Кызылордиской области"

Күшін жойған Қаулы № 851 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 22 сентября 2014 года № 710 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление физической культуры и спорта Кызылордиской области"
Атауы (қаз.)
"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 710 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
851
Қабылданған күні
17.02.2015
Көрсетілген редакция
19.05.2016 87254_122693.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0004905
ЭКБ идентификаторы
87254
Редакция идентификаторы
87254_122693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:39
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қызылорда облысының

дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту
туралы» Қызылорда облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
22 қыркүйектегі № 710 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 710 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4777 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2014 жылғы 31 қазанында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тілдегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын;
аталған қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.»;
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі»;
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2) және 41-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
41-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
41-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;».

2. «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.