О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 22 мая 2014 года №2/387 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача международного сертификата технического осмотра»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 22 мая 2014 года №2/387 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача международного сертификата технического осмотра»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/123
- Қабылданған күні
- 24.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2016 87630_88837.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15R0001148
- ЭКБ идентификаторы
- 87630
- Редакция идентификаторы
- 87630_88837
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:31
0 Алматы қаласы әкімдігінің
«Халықаралық техникалық
байқау сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 2/387 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы», 2014 жылғы 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №265 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 22 мамырдағы № 2/387 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 1052 тіркелді, 2014 жылғы 5 маусымда «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
келесі мазмұндағы 15 тармақпен толықтырылсын:
«15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.»;
осы қаулының қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «24» ақпандағы № 1/123
қосымша
«Халықаралық техникалық
байқау сертификаттарын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
4 қосымша
«Халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру»
(мемлекеттік қызметтің атауы)
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы