О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 22 июня 2015 года № 12-1035 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 22 июня 2015 года № 12-1035 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения»
- Атауы (қаз.)
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 506-1067
- Қабылданған күні
- 01.08.2019
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2019 133866_417619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19A0001242
- ЭКБ идентификаторы
- 133866
- Редакция идентификаторы
- 133866_417619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:55
0 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 926 болып тіркелген, «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5 5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы «___»____________
№ _______________ қаулысына
қосымша
Р/с
№
Арнайы тұрақты
үй-жайлардың атауы
Арнайы тұрақты үй-жайлардың
орналасқан жері
«Алматы» ауданы
1.
«HORECA» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, № 51/1 үй
«Байқоңыр» ауданы
2.
«Шам Шариф» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй
3.
«Амина» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй
4.
«Кәусар» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй
5.
«Ханиф» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, С. Рахымов көшесі, № 95 үй
6.
«Мир Золота» зергерлік дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, А. Бараев көшесі, № 3 үй
7.
«Книжник» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, А. Бараев көшесі, № 10/5 үй
8.
ЖК «Вороненко»
Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы,
№ 89 үй
«Есіл» ауданы
9.
ЖК «Амина»
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 36 үй
«Сарыарқа» ауданы
10.
«Путь к себе» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы,
№ 24 үй
11.
«Экономикс» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 32 үй
12.
«Экономикс» дүкені
Нұр-Сұлтан қаласы, С. Сейфуллин көшесі, № 23 үй