Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»

Бұйрық · № 187/НҚ · қабылданған 30.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-1218-28-2015-no-810-ekb-125874/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 187/НҚ ·30.10.2018
30.10.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 187/НҚ · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»
Атауы (қаз.)
«Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
187/НҚ
Қабылданған күні
30.10.2018
Көрсетілген редакция
30.10.2018 125874_370083.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017732
ЭКБ идентификаторы
125874
Редакция идентификаторы
125874_370083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:47

0 «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810
бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі – бірлескен бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12760 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бірлескен бұйрыққа қосымша осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялауға Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті
________________
2018 жылғы «____»_______

0 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 187/НҚ
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 33
бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 810 бірлескен бұйрығына қосымша
_______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес
_______________________________________________________________ қатысты
Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды және қадағалауды тағайындау туралы
акт ____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________
_______________________________________________________________________
Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________

Та­лап­тар тіз­бе­сі
Та­лап еті­ле­ді
Та­лап етіл­мей­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
1
2
3
4
5
6
1
Ти­іс­ті са­ла­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі­мен ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің бей­і­ні бой­ын­ша же­ке тұл­ға­да (да­ра кә­сіп­кер­де) жо­ға­ры бі­лі­мі­нің бо­луы
2
Ұй­ым бас­шы­сын­да жо­ға­ры бі­лі­мі­нің және бас­шы ла­у­а­зы­мын­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі­нің бо­луы
3
Заң­ды тұл­ға­ның шта­тын­да ти­іс­ті са­ла­да ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі­мен ли­цен­зи­я­ла­на­тын қыз­мет тү­рі­нің бей­і­ні бой­ын­ша жо­ға­ры бі­лі­мі бар ма­ман­дар құ­ра­мы­ның 10% кем емес бо­луы
4
Мен­шік құқы­ғын­да неме­се өзге заң­ды негіз­де тех­ни­ка­лық-өн­ді­рі­стік ба­за­сы­ның (үй-жай­лар­дың неме­се ар­найы зерт­ха­на­лық неме­се стен­ді­лік неме­се өн­ді­рі­стік неме­се тех­но­ло­ги­я­лық неме­се сы­нақ­тық және өл­ше­гіш жаб­дық­тың неме­се ба­қы­лау-тек­се­ру ап­па­ра­ту­ра­сы­ның) бо­луы
Лауазымды адам (адамдар) _______________________ ______________
лауазымы қолы
_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау және қадағалау
субъектісінің басшысы _________________________ ______________
лауазымы қолы
____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы