Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»

Бұйрық · № 472/НҚ · қабылданған 29.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-1218-28-2015-no-810/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 472/НҚ ·29.11.2022
29.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 472/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»
Атауы (қаз.)
«Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
472/НҚ
Қабылданған күні
29.11.2022
Көрсетілген редакция
29.11.2022 174598_605927.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030864
ЭКБ идентификаторы
174598
Редакция идентификаторы
174598_605927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 22:35

0

«Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы терсеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
_____________Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті

0 Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а. 2022 жылғы
30 қарашадағы № 104 мен Қазақстан
Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі 2022 жылғы 29
қарашадағы № 472/НҚ Бірлескен
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 22
желтоқсандағы № 1218 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 810 бірлескен бұйрығына
қосымша
Нысан
Тексеру парағы
_______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес
_______________________________________________________________ қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
________________________________
____________________________________________________________________
___
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________
____________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы
2
Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
3
Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының кемінде 10%-ының болуы
4
Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы
5
Жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жобаның болуы
Лауазымды адам (-дар) ___________________________ _______
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _____________ _________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы