О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 декабря 2015 года № 1218 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 810 «Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 472/НҚ
- Қабылданған күні
- 29.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2022 174598_605927.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030864
- ЭКБ идентификаторы
- 174598
- Редакция идентификаторы
- 174598_605927
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:35
0
«Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 1218 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 810 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ғарыш қызметі саласындағы терсеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
_____________Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
0 Тексеру парағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің м.а. 2022 жылғы
30 қарашадағы № 104 мен Қазақстан
Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі 2022 жылғы 29
қарашадағы № 472/НҚ Бірлескен
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 22
желтоқсандағы № 1218 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 810 бірлескен бұйрығына
қосымша
Нысан
Тексеру парағы
_______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес
_______________________________________________________________ қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
________________________________
____________________________________________________________________
___
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________
____________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы
2
Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
3
Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының кемінде 10%-ының болуы
4
Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы
5
Жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жобаның болуы
Лауазымды адам (-дар) ___________________________ _______
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _____________ _________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)