О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 22 мая 2015 года № 144/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательства»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 144/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159/3
- Қабылданған күні
- 12.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2020 113597_501037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005580
- ЭКБ идентификаторы
- 113597
- Редакция идентификаторы
- 113597_501037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:50
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
«Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
№ 144/5 қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы «Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 144/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсынуы болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысы хаттамасының көшірмесі (бұдан әрі - көшірме) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағымен қарастырылған құжаттар топтамасын ұсынуы болып табылады.».
2 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.