Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 апреля 2015 года № 146 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере культуры»

Бұйрық · № 139 · қабылданған 17.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-146/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 апреля 2015 года № 146 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере культуры» Күшін жойған Бұйрық ·№ 139 ·17.05.2019
29.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 апреля 2015 года № 146 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере культуры»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 139 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 апреля 2015 года № 146 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере культуры»
Атауы (қаз.)
«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
17.05.2019
Көрсетілген редакция
29.07.2020 131745_473205.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018693
ЭКБ идентификаторы
131745
Редакция идентификаторы
131745_473205
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:54

0 «Мәдениет саласындағы

мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
3-қосымша»;
1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрықтың 4 және 5-қосымшаларының редакциясына сәйкес
4, 5-қосымшаларымен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 139 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
1-қосымша
«Фильмге прокаттау куәлiгiн беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi порталға жүгінген сәттен бастап – 7 (жетi) жұмыс күнi.

Көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгінген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық (бұдан әрi - ЭЦҚ) қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында, қызмет алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.

7 7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8 8. Порталдың жұмыс кестесi - тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9 9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкілетті өкіл) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1 1) осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2 2) көрсетiлетiн қызметтi алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған көшірмелері қоса беріледі);

3 3) жас санатын анықтау үшін бар барлық көріністерді сипаттай отырып, фильмнің мазмұны туралы ақпаратты қамтитын фильмнің аннотациясы;

4 4) Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтер.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден – «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде – көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi.

10 10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:

1 1) көрсетiлетiн қызметтi алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі;

2 2) көрсетiлетiн қызметтi алушының осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарды ұсынбауы;

3

3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, сондай-ақ порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталуы;

4 4) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, қазақ тілінде жасалмаған фильмге дубляж жасалмаған не субтитрленбеген не қазақ тіліне кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі;

5

5) прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмде қазақ тілімен қатар басқа да тілдер қолданылған жағдайда, оны прокаттауды және көрсетуді жүзеге асыру кезінде басқа тілдердегі мәтін қазақ тілінде субтитрмен не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілмеуі негiз болып табылады.

3 3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметті көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1 1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;

2 2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777 немесе портал арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12 12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

13 13. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

14

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкiндiгi бар.

15

15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген.Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

1-1 Өтініш

«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
(заңды және жеке тұлғаларға)
Нысан
___________________________
(фильмге прокаттау куәлігін
беретін органның толық атауы, орган
басшысының тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)
кімнен _____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
заңды тұлға басшысының тегі, аты, жөні
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
жөні (бар болған жағдайда)
Өтініш
Сізден ____________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
(фильмнің атауы)
БСН/ЖСН: (автоматты түрде) ________________________________________
Мекен жайы
Пошталық индексі: ________________________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен: ________________________________________
Көше атауы: ______________________________________________________
Үй/ғимарат нөмірі: ________________________________________________
Үй индексі: _______________________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі: __________________________________________
Телефон нөмірлері: ________________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-mail): ___________________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: ___________________________________________________
Өндіруші ел: _______________________________________________________
Өндіруші студия: ___________________________________________________
Шығарылған жылы: ________________________________________________
Фильм пішімі: _____________________________________________________
Фильмнің хронометражы: ___________________________________________
Сценарий авторы (лар): _____________________________________________
Қоюшы режиссер (лар): _____________________________________________
Қоюшы оператор(лар): ______________________________________________
Қоюшы суретші (лар): _______________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: _____________________________________
Продюсер(лар): ____________________________________________________
Фильм серияларының саны: _________________________________________
Фильмнің жанры: __________________________________________________
Фильм тілі: ________________________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы (прокатталуы шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________
Фильмнің түрі: _____________________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: _______________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: __________ дейін: ________
Жас санаты белгісі: _________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген мәліметтерді пайдалануға келісемін.

2 «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 139 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi – Министрлiк) әзiрледi.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Министрлiкпен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгiнген сәттен бастап:

тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi – лицензия) – 11 (он бір) жұмыс күнi;
қайта ресiмделген лицензияны беру – 3 (үш) жұмыс күнi.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

5 5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6 6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – лицензия, (лицензияны қайта рәсiмдеу) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.

7 7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы негізде көрсетiледi.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн лицензиялық алым мөлшерлемелері:

1 1) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн – 10 (он) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);

2 2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн – лицензия беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10%-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу түрінде банктік жүйелердің жекеленген түрлері арқылы жүзеге асырылады.
Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8 8. Порталдың жұмыс кестесі – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.

Қызмет көрсетуді алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген жағдайда, өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерi келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшін қажеттi құжаттар тiзбесi:

1 1) лицензияны алу үшін:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2, 3-қосымшаларына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4, 5-қосымшаларына сәйкес мамандандырылған жабдық туралы мәліметтер нысаны;
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметті алушылар үшін қосымша көрсетiлетiн қызметті алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсыным хаттың электрондық көшірмесі.

2 2) лицензияны қайта рәсімдеу үшін:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
«электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны қайта рәсімдеуге көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығы, археология саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясы бар ғылыми ұйымның ұсынымхаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетiлетiн қызметті беруші жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының бюджетіне алым сомасын төлегенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
Қызмет алушының «жеке кабинетіне» өтініш қабылдау туралы мәлімет хабарлама жіберіледі.

10 10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1 1) осы субъектiлердiң санаттары үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;

2 2) тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;

3 3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;

4 4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы;

5 5) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 40-бабына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия беру облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органмен келiсiлмеуi;

6 6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде соттың көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия алуға тыйым салуы негiз болып табылады.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1 1) жеке тұлға үшін - тегі, аты, жөні (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы;

2 2) заңды тұлға үшін – атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс номері және мерзімі көрсетіледі.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттың тіркелуі (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi), шағымды қабылдаған қызметкердің аты, жөнi мен тегi (бар болған жағдайда), берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiлуі оның қабылдағанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы, немесе порталда алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12 12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшелiктерiн ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

13 13. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) Министрліктің – www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;

2 2) порталда.

15 15. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

2-1 Өтiнiш

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
________________________
(қызмет берушідің толық атауы)
кiмнен ___________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендiру нөмiрi/жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
Өтiнiш
жүзеге асыруға лицензияны берудi сұраймын _______________________
___________________________________________________________________
(қызметтiң түрiн көрсету)
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан,
___________________________________________________________________
елдi мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Электрондық поштасы ___________________________________________
Телефондары/Факс ______________________________________________
Банктiң есеп-шоты ______________________________________________
(шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы(лары) ___________________________
(пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елдi мекен,
____________________________________________________________________
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Қосымша__________парақта
Мыналары:
көрсетiлген барлық деректердiң ресми деректер болып табылатыны және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге болатыны;
көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға сот тыйым салмағаны;
қоса берiлiп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетiнi және жарамды болып табылатындығы расталады.
Заңды тұлға басшысы/
жеке тұлға ______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болған жағдайда) (қолы)
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартында көзделген, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Толтыру күні:
20 __ жылғы «__» __________ ______________

2-2 Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру
қызметін лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестікті растайтын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
__________________________________________________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
Ғылыми жетекшілер туралы деректер:
1) ___________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________;
(ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі)
_____________________________________________________________;
(жоғарғы білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты,
мамандығының және біліктілігінің атауы, дипломды берген
оқу орнының атауы)
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін ____________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) саласындағы
еңбек өтілі:
______________________________________________________________;
(жұмыс орны, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдануы туралы
бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi,
жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе бұзу туралы
шарттың нөмірі және күні)
3) __________________________ саласындағы жобалар туралы ақпарат:
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставарациялау жұмыстары)
______________________________________________________________
(жобаның атауы, жылы, объектінің аты және орналасқан жері,
орындалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат)
Жетекші _____________________________
(қолы) (заңды тұлғаның атауы,
тегі, атауы, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл

2-3 Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру
қызметін лицензиялау кезінде жеке тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестікті растайтын мәліметтер ________________________
________________________________________________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
Жеке тұлғаның жеке деректері:
1) __________________________________________________________;
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________;
(ғылыми дәрежесі, мамандығы және біліктілігі)
____________________________________________________________;
(жоғарғы білімі туралы дипломының нөмірі, берілген уақыты,
мамандығының және біліктілігінің атауы, дипломды
берген оқу орнының атауы)
2) тарих және мәдениет ескерткіштерін ___________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау) саласындағы
еңбек өтілі:
_____________________________________________________________;
(жұмыс орны, атқаратын лауазымы, жұмысқа қабылдануы туралы
бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi, жұмыстан
босату туралы бұйрықтың немесе бұзу туралы шарттың нөмірі және күні)

3) __________________________ саласындағы жобалар туралы ақпарат:
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставарациялау жұмыстары)
_____________________________________________________________
(жобаның атауы, жылы, объектінің аты және орналасқан жері,
орындалған жұмыс туралы қысқаша ақпарат)
Жеке тұлға тегі, атауы,
әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________
(жеке тұлғаның атауы,
(бар болған жағдайда) (қолы)
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл

2-4 Мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру қызметін
лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестікті растайтын мамандандырылған жабдықтар туралы мәліметтер:
________________________________________________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
1) _____________________________________________________________;
(мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі,
мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау
шартының нөмірі және жасалған күні, шарт жасалған заңды
және (немесе) жеке тұлғаның атауы)
2) ______________________________________________________________
Жетекші _______________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның атауы, (бар болған жағдайда)
тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл

2-5 Мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
Мамандандырылған жабдықтар бойынша мәліметтер
Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарын жүзеге асыру қызметін
лицензиялау кезінде заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестікті растайтын мамандандырылған жабдықтар туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________
(археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау)
1) _____________________________________________________________;
(мамандандырылған жабдықтардың атауы және моделі,
мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау
шартының нөмірі және жасалған күні, шарт жасалған заңды
және (немесе) жеке тұлғаның атауы)
2) _____________________________________________________________
Жеке тұлға _______________________________________________
(қолы) (жеке тұлғаның атауы, (бар болған жағдайда)
тегі, атауы, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Толтырылған күні: « » __________ 20 __ жыл

3 «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 139 бұйрығына
3-қосымша
«Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
3-қосымша»;
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.

3 3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталдары (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) порталға жүгiнген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнi.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап бір жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

5 5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 24 ақпандағы № 10320 болып тіркелген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген нысан бойынша 2 қосымшасына сәйкес мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетiне» жолданып, сақталады.

7 7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8 8. Порталдың жұмыс кестесi – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың (бұдан әрі - зат) меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;
заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың электрондық көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі);
сараптамаға жататын заттың беттiк және сыртқы жақтары көрсетілген электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана);
заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесiн ұсынады.
Арыз иесі өтінішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының бірыңғай кедендік тарифі 21 бөлімінің 97 тобына сәйкес сыртқа шығарылатын тауар туралы ақпаратты көрсетеді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзі арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда – «жеке кабинетінде» қызмет алушының өтініштері тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсетуге өтініш қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші толық екендігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» затты «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6-тармағына сәйкес құралған сараптама комиссиясына ұсынуы туралы тиісті хабарламаны жолдайды (бұдан әрі - комиссия).
Ереженің 7 және 8 тармақтарына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламадан соң бір жұмыс күн ішінде көрсетiлетiн қызметтi берушiге затты ұсынады.

10 10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1 1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2 2) комиссияның теріс сараптама қорытындысы;

3 3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;

4 4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

5 5) Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіз бола алады.

3 3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11

11. Мемлекеттік көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсiздiгіне) шағымданған жағдайда, шағым www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан немесе 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

2 2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) немесе тиісті жергілікті атқарушы органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап (5) бес жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы, немесе порталда алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12 12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

13 13. Мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: порталда нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

14 14. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары:

1 1) Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында;

2 2) порталда.

15 15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi ЭЦҚ болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16 16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

17

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

3-1 Өтініш

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартына
қосымша
Нысан
________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы)
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтініш
Келесі мәдени құндылықтарды
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
(атауы, сипаттама, саны)
уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.
Әкету мақсаты: __________________________________________________
(орналасқан жері және елдің атауы)
3) ______________________________________________________________
(сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы)
4) ______________________________________________________________
(ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері)
5) ______________________________________________________________
(саны)
Өтініш берушінің деректері: ________________________________________
(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
________________________________________________________________
берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды
тұлға туралы деректемелер) _______________________________________
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегi мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келiсiм беремiн.
Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________
* Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі

4 «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 139 бұйрығына
4-қосымша
«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетілетін қызметті берушіге жеке және заңды тұлғалардың (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күнтізбелік күн.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде жазбаша дәлелді түрде жауап береді.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12405 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 356 бұйрығымен бекітілген Мемориалдық тақталарды орнату қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 2-қосымшасына сәйкес мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7 7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тегiн көрсетiледi.

8 8. Жұмыс кестесi - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгі түскi үзiлiсті есептемегенде, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет кезек күту тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызметсiз көрсетiледi.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруді алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2 2) аса көрнекті тұлғаның еңбегін және айрықша оқиғаның маңызын растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері;

3 3) Қағиданың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі;

4 4) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату жоспарланған ғимарат немесе құрылыс жайының меншік немесе заңды иесінің жазбаша келісімі.

5 5) қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкілетті органға.

10 10. Мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруден бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2 2) комиссияның теріс қорытындысы;

3 3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.

3 3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.
Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1 1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

2 2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күн iшiнде қаралады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне қолма-қол жеткізіледi.
Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады: 1414, 8 800 080 7777.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдана алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралады.

12 12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң өзге талаптар

13 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

14 14. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.

15 15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 800 080 7777.

16

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

4-1 Өтініш

«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартына
қосымша
Нысан
_________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы)
_________________________
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтініш
_______________________________________________________________
мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын
_______________________________________________________________
(атауы, сипаттама)
Орнату мақсаты: ________________________________________________
Орналасқан жері (мекенжай)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері,
_______________________________________________________________
берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе
заңды тұлғаның реквизиттері)
Қосымша: _____ бетте.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(өтінішке Мемориалдық тақталарды орнату қағидаларының
6-тармағына сәйкес құжаттар тіркеледі)
Өтініш берушінің қолы ________________ Мерзімі__________________
Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)
(болған жағдайда)__________________

5 «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 139 бұйрығына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
5-қосымша
«Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2 2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленді.

3 3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет облыстардың жергілікті атқарушы органдар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге жеке тұлғалардың (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап – 1 (бір) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушынан бір жұмыс күні ішінде құжаттарды алған кезінен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде жазбаша өтінішті одан әрі қарауға бас тартады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірде № 4632 тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығымен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2 қосымшаға сәйкес көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағына беру өтінімін (бұдан әрі - өтінім) қабылдау не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздерге сәйкес нысан бойынша Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы қолхат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7 7. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет тегін көрсетіледі.

8 8. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті қоспағанда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) көркемөнерпаздар ұжымы басшысының қолы қойылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасының нысаны бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім;

2 2) көркемөнерпаз ұжымы жиналысының хаттамасы;

3 3) келесі ақпараттар көрсетілген ұжымына шығармашылық мінездеме:

жетекшілер туралы мәлімет;
репертуары және ағымдағы жылға оқу-тәрбиелік жұмыс жоспары;
ұжымның концерттік бағдарламасы;
қатысушылар құрамының тізімі;

4 4) марапаттарын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, көркемөнерпаздар ұжымының қызметі туралы жергілікті және/немесе республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар болуы (3 мақаладан кем емес).

10 10. Көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3 3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.
Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777 немесе портал арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.
Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12 12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4 4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң өзге талаптар

13 13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.

14 14. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары және көрсету орындары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.

15 15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

16

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

5-1 Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру бойынша өтінім

«Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
қосымша
_________________________
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық жергілікті атқарушы органы
_________________________
(көркемөнерпаздар ұжымы басшысының тегі, аты, жөні
(бар болған жағдайда)
_______________________
мекен жайы
Көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру бойынша
өтінім
Көркемөнерпаздар ұжымына (ұжымның аты) _______________________________
«Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінім қабылдауды сұраймын.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қосымша: ___ парақ.
(«Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес құжаттар қосылады)
Өтінімнің толтырылған күні __________________
Қолы _____________________________________

Қолданыстағы