О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 22 мая 2015 года № 159 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 22 мая 2015 года № 159 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере предпринимательства»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 30.05.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2019 112855_419662.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17T0003888
- ЭКБ идентификаторы
- 112855
- Редакция идентификаторы
- 112855_419662
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:58
0 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы №159
«Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3226 болып тіркелген, 2015 жылы 20 маусымда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 3-қосымшада:
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып Стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім және Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар табылады.»;
2 2) 4-қосымшада:
«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11181 болып тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып еркін нысандағы қатысуға өтінім және Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар табылады.».